{metadescription}
Мәнізоров! Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Бас прокуратураның шешіміне қарсы шықты
Мәнізоров! Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Бас прокуратураның шешіміне қарсы шықты

Мәнізоров! Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Бас прокуратураның шешіміне қарсы шықты

Бас прокуратураның шешімімен келіспейді. Бүгін жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық істің тоқтатылуына қарсы екенін мәлімдеді. Бас қадағалаушы органға өз уәжін айтып хат жолдапты. Ал екі ведомство өзара түсінісе алмай жатқанда әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімі орынбасарының біреулермен сөйлесіп отырған видеосы тарады. Онда не айтылды?

Күні кеше Бағдат Мәнізоров Бас прокуратураның шешімімен сүттен ақ, судан таза болып қызметіне қайта оралған. Алайда жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қадағалаушы органмен келіспейтінін мәлімдеді. Әу баста шенеунікті ірі көлемдегі алаяқтық үшін ұстадық деп жалпақ жұртқа жария еткен агенттік өкілдерінің айтар уәжі бар. 

Қанат Сүлейменов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы:

- Агенттікке екі азамат келді. Біз олардың шағымдарын сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркедік. Бас прокуратура қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Ал біз бұл шешіммен келіспейміз. Бас прокуратураға осы жөнінде қарсылық хат жолдадық. 

Текетірес жалғасып жатқанда тараған видео. Бас-аяғы жоқ роликте Алматы облысы әкімінің орынбасары әлдебір жер телімі туралы айтып отыр.

Мәнізоровтың адвокаты даулы видеоны жариялағандар шенеуніктің абыройына нұқсан келтіруді мақсат тұтты деген пікірде. Оның айтуынша, әкім орынбасары бар болғаны жер телімін қайта рәсімдеу қызметі туралы айтып отыр. Сондықтан Алмас Демесінов бейнероликті құрастырып, қоғам пікірін бұра тартқандарға шара қолдану керек дейді. 

Алмас Демесінов, Б. Мәнізоровтың адвокаты:

- Монтаж жасалған видео. Өйткен, ол көрініп тұр. Тек «услуги» деген сөз бар. 30 сотық жерге Мәнізоровтың ешқандай қатысы жоқ екенін нақты айта аламын. Ондай жер телімі Мәнізоровта заң бойынша тіркелмеген.

Бас прокуратура Бағдат Мәнізоровқа қатысты шешімін қайта өзгерте ме, ол жағы әзірге белгісіз. Ал Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеуді жалғастыруға ниетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.