{metadescription}
Көлігіне атыс қаруларын салып, ауыр қылмысқа бел буған жігіт ұсталды
Көлігіне атыс қаруларын салып, ауыр қылмысқа бел буған жігіт ұсталды

Көлігіне атыс қаруларын салып, ауыр қылмысқа бел буған жігіт ұсталды

Қалада мұздай қаруланып жүрген жерінен ұсталды. Алматы тұрғыны бірнеше мылтық пен оқ-дәріні заңсыз сақтағаны үшін айыпталып жатыр.

27 жастағы жігіт атыс қаруларын көлігіне салып жүрген. Полицейлер оны ұзақ аңдыған екен. Күдіктіні ұстауға арнайы операция ұйымдастырылған. Бірақ істің басқа мән-жайын ашып айтқан жоқ. Тінту кезінде Думан шағын ауданында тұратын азаматтың көлігінен заңсыз айналымда жүрген 12-ші калибрлі екі мылтық, карабин, тегіс ұңғылы мылтық пен 15 оқ-дәрі тәркіленді. Жігіт бұрын ақша бопсалағаны үшін сотты болған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Із кесушілердің айтуынша, бұл азамат аса ауыр қылмысқа бел буған. Қарақшылық шабуыл, тонау әрекеттерін жасамақшы болған. Заттардың барлығы арнайы сотбаллистикалық сараптамаға жөнелтілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде