{metadescription}
Алматыда жантүршігерлік жол апатында бір адам көз жұмды
Алматыда жантүршігерлік жол апатында бір адам көз жұмды

Алматыда жантүршігерлік жол апатында бір адам көз жұмды

Алматыда болған жантүршігерлік жол апатында бір адам қаза тауып, төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Газель мен жеңіл көлік соқтығысып, артынан оларға КамАЗ қатты соғылған. Қазір полиция аталмыш іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Жол апаты кешкі уақытта Рысқұлов және Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы жолайрықта болды. Газель мен жеңіл көлік соғылып, жол бойында тұрған. Сол мезетте қатты жылдамдықпен келе жатқан КамАЗ оларды сүйрей жөнеледі. Соның салдарынан Тойота Камри көлігі 50 метрге дейін ұшып кетеді. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктің сау-тамтығы қалмаған. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр Ал зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.  

Қанат Тәуекелов, №4 Қалалық клиникалық ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

- Ауруханаға жеткізілген үш науқастың біреуі қайтыс болды. Біреуі бөлімшеде ем алып жатыр. Жабық басми жарақаты, бас миының шайқалуы, сол жақ 7-ші және 10-шы қабырғасы, сол жақ толарсақ сүйегі сынған. Жағдайы орташа ауыр. Үшінші науқас емханада ем алып, үйіне қайтарылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде