{metadescription}
Басынған барымташылар! Қырбалтабайда байлаулы малды жетектеп кетіп, ауыл шетінде сойып жатыр
Басынған барымташылар! Қырбалтабайда байлаулы малды жетектеп кетіп, ауыл шетінде сойып жатыр

Басынған барымташылар! Қырбалтабайда байлаулы малды жетектеп кетіп, ауыл шетінде сойып жатыр

Бүтін бір ауылды шулатқан барымташылар. Алматы облысының Қырбалтабай ауылында мал ұрлығына тоқтау болмай тұр. Өрістегі малды тауысқан сұғанақтар енді қораға түсіп, байлаулы тұрған сиырды оп-оңай жетектеп кете беретін болыпты. Басынған барымташылар ірі қараны үнемі ауыл шетіндегі үйреншікті жеріне сойып, мазақ қылғандай басы мен терісін лақтырып кетеді екен. Ал полиция мен жергілікті биліктен күдерін үзген тұрғындар кімнен көмек сұрарын білмей дал.

- Мына қораның есігі сәл ашық тұр. Мүйізімен ашып шығып кетті ме деп ойладым...

Бибігүл Әбдіраманова үш күн бұрын қорадағы жалғыз сиырын ұрлатыпты. Күнкөрісінен қағылған жарымжан жан алдағы күнім не болмақ деп алаңдайды. Себебі, оның мүгедектікке берілетін жәрдемақыдан басқа кірісі жоқ.

Бибігүл Әбдіраманова, Қырбалтабай ауылының тұрғыны:

- Жалғызбасты әйелмін, бір қолым істемейді. Жан бағып отырған жалғыз сиырым еді. Міне, бүгінертең туады деп күтір отырғанмын. Бұзауын ішінен шығарып тастап, етін алып кеткен.  

Қырбалтабай ауылының тіршілігін төрт-түліксіз елестету мүмкін емес. Бірақ  басынған барымташылар соңғы екі айда елдің берекесін қашырып, мал ұрлығы күрт көбейген. Ал алдындағы адал малынан айырылған ағайын полицияға сенім артудан қалған.

Жазира Шәріп, Қырбалтабай ауылының тұрғыны:

- Барымыз – бұзауымен үш сиыр бұзауымен болатын. Бұзаулар өрісте қалған, Үш сиырымызды алып кетті. Одан бұрын қорадан екі қойымызды ұрлап кеткен. Оған да арызданғанбыз. Бұған дейін ешқайсы табылды дегенді естімедік, бүтін ауылдан ұрыны ұстаған емес.  

Қырбалтабай тұрғындары екі айдың аралығында ауыл ішінен «20-дан астам ірі қара ұрланды» дейді. Өйткені өрістегі төрт түлікке қырғидан тиген ұрылар енді үй іргесіндегі қораға түсуді әдетке айналдырыпты.

Тұрғындардың айтуынша, ұрылар түнделетіп жетектеген ірі қараны ауылдан үш шақырым қашықтықта сойып, етін көлікке тиеп кетеді екен. Әр жерде сиырдың басы, ішек-қарны мен сирағы шашылып жатыр. Амалы таусылған тұрғындар бұл жерді «ұрылардың қасапханасы» деп атайды.

Ал полицейлердің айтуынша, мал ұрлығына қатысты әрбір дерек назардан тыс қалмайды. Қазір ауылда бұл жағдайға байланысты бес қылмыстық іс тіркеліпті.

Серік Үпиев, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Қырбалтабай ауылында биыл мал ұрлығының 5 дерегі тіркелген. Тұрғындардың өтінішіне сәйкес, екі бас жылқы мен 9 бас ірі қара қолды болған. Осы деректерге қатысты келтірілген материалдық шығын 3 миллион 400 мың теңгені құрап отыр.

Ауылдағы мал ұрлығын азайтуға жергілікті билік өкілдері де білек сыбана кірісіп, еріктілерден түнгі жасақ ұйымдастырыпты. Осылайша «көз ілмейміз» деген ауыл әкімі барымташылармен қызу күрес жүріп жатқанын жеткізді.

Айбол Темешев, Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі:

- Ауылдың имамы бар, оның көмекшісі бар, жігіт басшылары бар. Бес адамнан жасақ құрылды. Оның барлығы өздерінің келісімімен.

Алайда жергілікті атқамінердің айтқанын жоққа шығарған тұрғындар әп-сәтте әкімді тосылтып тастады.

- Түнгі жасақ жоқ. Әділдік жоқ. Мәселен, «ұрланып жатыр» десе барып қарайтын едім...

Полицейлердің дерегінше биыл Алматы облысында 565 мал ұрлығы тіркеліп, 700-ге жуық бас иесіне қайтарылыпты. Бірақ әзірге Қырбалтабай ауылына қырғидай тиген ұрыларға тоқтау болмай тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.