{metadescription}
Марихуана! Синтетикалық есірткімен күрес мықтап қолға алынды  
Марихуана! Синтетикалық есірткімен күрес мықтап қолға алынды  

Марихуана! Синтетикалық есірткімен күрес мықтап қолға алынды  

Ешқандай марихуана заңдастырылмайды. Нидерландыда қарасора шөбінің құрамындағы есірткінің үлесі 17 пайызға дейін барады және ол заңдастырылған. Ал бізде ол 5 пайыз, бірақ Ішкі істер министрлігіндегілер оны заңдастыруға мүлдем қарсы. Себебі бұл жағдайда есірткіқұмарлардың саны артады екен.  

Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, Қазақстанға есірткі негізінен үш түрлі жолмен жеткізіледі: транзит арқылы Ауғанстаннан, синтетикалық түрлері Қытай мен Ресейден. Шу аңғары мен Қызылорда облысындағы қарасора алқаптарының да айтарлықтай үлесі бар. Енді олардың қатарына интернеттегі сауда қосылды. Сайттар мен әлеуметтік желілер, киви-әмиян, Яндекс олардың құралына айналған. Салаға жауапты министрлік сондай 5 мың сайтты анықтап бұғаттап тастапты.

Тілеген Маткенов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:

- Клиенттік базасы 10 мың адамнан тұратын 32 телеграмчат анықталды. Синтетикалық есірткі таратқан 5 сайт бұғатталды. Ресейдің Ішкі істер министрлігіне біздің аумақта есірткі таратуға пайдаланылған 230 ресейлік нөмірді тексеру туралы өтініш жіберілді. Қазір синтетикалық есірткінің айналымына қатысты 262 қылмыстық іс қозғалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.