{metadescription}
AllianceEnergoSnab! Ақтау электр қуаты компаниясының директоры қамауға алынды
AllianceEnergoSnab! Ақтау электр қуаты компаниясының директоры қамауға алынды

AllianceEnergoSnab! Ақтау электр қуаты компаниясының директоры қамауға алынды

Ақтауда аймақты электр қуатымен қамтып отырған компания директоры қамауға алынды. Абзал Төлемісовке ұйымдасқын қылмыстық топ құрып, тұрғындардың жарыққа төлеген ақшасын жымқырды деген айып тағылды. Енді ол екі ай тергеу қапасында отырады.

Абзал Төлемісов басқаратын «AllianceEnergoSnab» мекемесі Ақтау мен бірнеше ауданға электр таратумен айналысады. Мекеменің Жаңаөзендегі филиалында жұмыс істейтін туған бауыры мен Мұнайлы ауданындағы филиал директоры да қылмыстық топ құрамында болыпты. Күдіктінің сыбайластарының қатарында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» компаниясының департамент директоры мен тағы бірнеше энергетик бар. Олар облыс тұрғындарының электр энергиясына төлеген ақшасын өз кәдесіне жаратты деп отыр тергеушілер. Осылайша мемлекетке 90 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Күдіктілердің бәрін сот екі айға қамау туралы санкция берді.

Жыл басында тұрғындар «AllianceEnergoSnab» компаниясының қызметіне қарсы шыққан еді. Тарифті негізсіз көтергеніне қол жинап, Елордаға дейін арызданған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қаңтар

03 қаңтар

02 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде