Оралда нан 19 теңгеге қымбаттады
Нан - 130 теңге! Оралда нан бағасы бірден 19 теңгеге өсті. Қымбатшылық тек жоғары сұрыпты нанға қатысты. Наубайшылар бұл жағдайды ұн бағасының өсуімен байланыстырып отыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
04.11.2019
Оралда халықты ас атасымен қамтитын негізгі 7 наубайхана бар. Нан бағасын олардың бәрі бірдей көтере қоймаған. Бірақ ең өтімді нанның бір бөлкесі жуырда дүкендерге 119 теңгеден әкелініпті. Бағаға кәсіпкерлердің пайда көру үшін қосатыны тағы бар. Сөйтіп жұрт қазір нанды 125-130 теңгеге сатып алып жатыр. Нанды өз бағасымен тек наубайхананың фирмалық дүкендерінен алуға болады. Жергілікті билік өкілдері бірінші сұрыпты нан құнының көтеріліп кетпеуін қадағалап отырғанын айтады. Оның бағасы бұрынғыша 80 теңге.
Мейрам Қайыров, БҚО кәсіпкерлік басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Нанның 19 теңгеге көтерілуі азықтүлік астығының қымбаттауымен байланысты. Жоғары сұрыпты нан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына енгізілмеген. Яғни, онымен бағаны реттемейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!