Миллиондап пара алды деп айыпталған мемқызметкерлер кінәсіз деп танылды
Павлодарда сот миллиондап пара алды деп айыпталған Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы мен оның сыбайластарын кінәсіз деп тапты.
Автор: Салтанат Шырынхан
04.11.2019
Облыстың бас салықшысы Ернұр Байғұрманов пен экономикалық тергеу бөлімінің бастығы Азамат Бейсембаев, бөлім офицері Дәулет Мағзұмов бір жыл бұрын қамауға алынған. Оларға «аса ірі көлемде пара алды» деген айып тағылды. Тінту кезінде салықшының үйінен 160 мың доллар, 10 млн теңге және 9 дана қымбат швейцариялық сағат табылды. Байғұмаровты тұтқындауға өзі ренжітіп алған кәсіпкерлердің бірі себеп болған. Іс материалдарына сәйкес, басшы бизнесменнен төленбеген салықтарын жасыруға бума-бума ақша алған көрінеді. Бірақ қолына тиген бойда берген уәдесін орындамапты. Сөйтіп кәсіпкер салықшы мен оның сыбайластарын құзырлы органға ұстап берген. Істі қараған сот айыпталушылардың кінәлі екені туралы айғақтарды заңсыз деп тауып, үшеуі де ақталып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!