Семей: Мәншүк Мәметованың мүсініне қатысты дау немен аяқталды?
Семейде жергілікті билік қоғам арасында дау тудырған Мәншүк Мәметованың мүсінін алдырып тастады. Өйткені батыр қыздың ағаштан жасалған кескіні сәтсіз шыққан. Ал автордың айтуынша, оған талдың су болғаны және тарғыл дақтары көп болуы себеп екен.
Автор: Ұлан Нұрахмет
04.11.2019
Юля Куртукова, мүсіннің авторы:
- Тапсырыс беруші хабарласып, кесіп тастауды бұйырды. Біз жұмысты аяғына дейін аяқтап үлгерген жоқпыз. Қоғамда талқыға түсіпті. Ал мүсінді қайда алып кеткенін білмейміз.
Мәншүк Мәметованың ағаштан қашалған мүсіні Жеңіс саябағында жасалған. Су жаңа мүсін әлуметтік желіге ілезде тарап, жұрт арасында наразылық тудырды. Кейбіреуі оны мыстан кемпірге ұқсағанын айтса, енді біреуі жергілікті биліктен батыр қызды қорлауды тоқтатуын талап етті. Дегенмен атқамінерлер оны жасауға ешкімге тапсырыс бермегенін айтып ақталды. Олардың сөзінше, шаһар көшелеріндегі қураған ағаштардан мүсін жасауды қолға алған шеберге көк тиын төленбейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!