Елордаға газ келсе, жылу мен ыстық су қымбаттайды
Елордаға газ келсе, коммуналдық қызметтер қымбаттайды. Ол ең алдымен орталық жылу мен ыстық судың құнын өсірмек. Қала басшылары бағаның өсуі халықтың қалтасына «ауырлық салмайды» деп сендіргісі келеді. Бірақ бағаның қаншаға өсетінін айта алмады.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
04.11.2019
Ермек Қизатов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:
- Жылудың бағасы қымбаттайды, бірақ айтарлықтай емес. Сонымен қоса, біз көмірден бас тартпаймыз. Алдағы бес жылда жылу электр орталықтарын газдандыруға көшеміз. Салынатын жылу электр орталығы 3пен бірге. Су жылыту қазандықтары да газбен жұмыс істейтін болады. Сондықтан тұрғын үйлердің жылыту құнының күрт көтерілуі болмайды.
Елордадағы үйлерді ыстық сумен және орталық жылумен қамтамасыз ететін жылу электр станциялары да газға ауысады. Ал көгілдір отынның текше метрі қанша болса, тарифтің де нақты бағасы соған қарай белгілі болмақ. «Әзірге газдың құны текше метріне 56 теңгеден аспайды», - дейді шенеуніктер. Бірақ астананы газбен қамтумен айналысатын компания 4 теңге қосады.
Көгілдір отын Елордада көмірден қымбат сатылады. Оның тарифі еліміздегі ең жоғары қала болмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!