{metadescription}
Неден өлді? Шымкентте бір отбасының төртеуі уланып, екі баласы көз жұмды
Неден өлді? Шымкентте бір отбасының төртеуі уланып, екі баласы көз жұмды

Неден өлді? Шымкентте бір отбасының төртеуі уланып, екі баласы көз жұмды

Шымкентте бір отбасында төрт адам уланып, 4 жасар ұл мен 11 айлық нәресте шетінеді. Тағы біреуі токсикология орталығында жатыр. Ал қайғылы жағдайды тексерген мамандар уланудың неден болғанын білмейді. Дәрігерлер улану «газдан болуы мүмкін» десе, төтенше жағдай қызметіндегілер ажалдың астан келгеніне сенімді. КТК тілшісі қос сәбидің өмірін жалмаған жайттың себебін анықтауға тырысты.

Қайғылы жағдай отбасылық жатақханада болған. Бір жарым жылдан бері бөлме жалдап тұрып жатқан отбасының бір күн ішінде ойраны шықты. Түн ішінде балалардың іші бүріп, құсқысы келіп жедел-жәрдем шақырған. Әуелі үш баланың екеуіне көмек көрсетіп, кетіп қалған жедел-жәрдем таңғы 9-да тағы келіпті. Бұл жолы бес адамнан тұратын отбасыдан төрт науқасты ауруханаға әкетеді. Аяқ астынан абыр-сабыр болған көршілері полиция қызметкерлерінен отбасының тұшпарадан уланғанын естіпті.

Гүлмира Бажақаева, көршісі:

- Сағат түнгі он жарымда полиция келіп, бәрін тексеріп көрді. Бірақ ешқандай газдың иісі шығып тұрған жоқ. Полиция «тамақтан уланған» деді.  

Әуелі жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген үш баланың бірі – 4 жастағы ұл көз жұмады. Орталықтың мамандары науқастарды содан соң ғана оттегімен емдейтін гипербарилық оксигенация ауруханасының токсикология бөліміне жөнелтеді. Ол жерде отбасының кенжесі – 11 айлық нәрестенің жағдайы күрт нашарлап шетінеген.

Инна Глазебная, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Жеделжәрдемнің анамнезі бойынша, отбасы тұшпара алып жепті. Оны тіпті балаларына да берген. Содан түн ішінде балалардың жүрегі айнып, жағдайы күрт нашарлап, осындай жағдай болып отыр. Одан бөлек, газ баллонын қолданатын олар газдың бұрағышын толық жаппаған болуы да мүмкін.

Ал дәрігерлердің «газдан улануы мүмкін» дегенін естіген төтеншеліктердің дегбірі қашты. Қайғылы жағдай болған жатақханада газ баллонын қолдануға тыйым салса да, отбасы асты газбен пісірген екен. Дегенмен сот сараптамасының нәтижесі де газдан болуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығарды деп отыр.

Нұрболат Дербісов, Шымкент қалалық ТЖД бастығы:

- Біз өз жағымыздан жұмыс істеу барысында анықтағанымыз – газдың иісі анықталмады. «Казтрансгазаймақ» мамандары да барып көрді, ешқандай баллоннан да шығып жатқан иіс жоқ. Басқа жжерден де иіс жоқ. Тұншықтырғыш газ деген нәрсені беріп жатқан жоқ та, біз сөйлесіп көрдік қой.  

Төтеншеліктер мен дәрігерлерден бөлек бұл жағдайға қатысты поллиция мен СЭС мамандары да араласты. Соңғылары отбасы сауда жасаған дүкеннен 18 қалта тұшпараны сараптамаға алып кетіпті. Бір отбасының улануына себепші «газ ба, әлде тұшпара ма?» деген сауалдың нақты жауабын екі аптадан кейін білеміз. Қазір қара жамылған отбасының аман қалған 12 жасар қызы ауруханада жатыр. Ал ауруханадан кеше ғана сұранып шыққан анасы мен әкесі екі баласын жерлеуге кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде