{metadescription}
0:000:00
Древний Рим! Жаппай төбелеске айыпталған жігіт қанша жылға сотталды?

Древний Рим! Жаппай төбелеске айыпталған жігіт қанша жылға сотталды?

Қарағандыда «Древний Рим» мейрамханасында болған жаппай төбелеске басты айыпталушы 19 жылға сотталды. Тағы 4 адам үш жылдан жаза арқалады. Шартты жаза алғаны бар, ақталғаны бар, қалған сегіз адам сот залынан босатылды. Ал басты сотталушы кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Жақындары тіпті Жансейітті өлтіргендер оңай құтылып, Юсиф Нұрұлыға жала жабылды деп санайды.

Екі айдан бері сот процесі күдіктілер тергеу кезінде қамауда отырған АК 159/1 тәртіппен түзеу мекемесінде өтті. 13 адамның 12-сі бұзақылық бабы бойынша, ал басты күдікті Юсиф Нұрұлы бұзақылықпен қоса «адам өлтірді» деп айыпталған. Марқұм Жансейіт Рақымжанның қанының іздері осы жігітің пышағынан табылды. Сондықтан оған бұзақылық бабы бойынша 4, ал адам өлтіргені үшін 15 жыл кесілді.   

Юсифпен қоса темір торға тағы төрт адам үш жыл мерзімге қамалды. Ал қалғандары төрт жарым жылға дейін бостандығын шектеу жазасын алса, екі күдікті ақталып шықты. 19 жылға кесілген Юсиф Нұрұлының туғандарының айтуынша, нағыз қылмыскер солардың арасында.

Сара Мұхтарова, Юсиф Нұрұлының анасы:

- Жансейітті онда ешкім көрмеген. Оны сырттан өлтіріп, мейрамхананың қоршауының сыртына кейін сүйреп әкеп тастаған. Сол жерде жарақат алса, төбелеске келген полиция оны сол кезде табар еді ғой. Оның үстіне бақылау камерасында сағат 7:40 пен 8ге дейінгі аралықтағы видео жоғалып кеткен. Сол видеода оны әкелгендер түскен. Оны тергеу орындары жасырып отыр. 

Өткен жылдың 31-ші желтоқсанында «Древний Рим» мейрамханасында жаппай төбелес болған. 14 азамат бір топ адамды оңдырмай сабады. Ал таяқ жегендерге үйінен көмекке келген 23 жастағы Жансейіт Рақымжан пышақ сұғылып, ол мерт болды. Оқиғаның ізін ала Қарағандыда толқулар болды. Кінәлінің жазалануын талап еткен тұрғындар төбелес болған мейрамхананы қиратты.

Істі насырға шаптырмау үшін тәртіп сақшылары төбелеске қатысқан 13 адамды қамаған. Оқиғадан соң бірден Ресейге қашқан күдікті Нарик Гурурян Омбы қаласында ұсталып қамауға алынды. Оның ісі жеке қаралады. Ал осындағыларға қатысты тергеу ісі тоғыз ай, сот екі айдан аса жүрді. Ал сот шешімімен келіспеген Нұрұлының туыстары апелляциялық шағым түсіреміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.