{metadescription}
Қыс – 2019! Елордада салынып бітпеген көпқабатты үй өртке оранды
Қыс – 2019! Елордада салынып бітпеген көпқабатты үй өртке оранды

Қыс – 2019! Елордада салынып бітпеген көпқабатты үй өртке оранды

Елорданың шеткі аудандарының біріндегі көпқабатты үй өртке оранды! Жалын құрылысы бітпеген тұрғын үйдің алтыншы қабатын шарпыған. Сағат түскі 12 шамасында өртті сөндіруге төтенше жағдай қызметі түгел жұмылдырылды.

Ешкім зардап шеккен жоқ. Залал да келген жоқ. Өйткені бұл – «Қыс – 2019» оқу-жаттығу жиынының жоспарланған сценарийі. Төтенше жағдайларға дайындығын пысықтаған құтқарушылардың жұмысы тек өртті ауыздықтаумен шектелмеді. Олар жылу құбырындағы ақауды қалпына келтіріп, жоғалған балықшыларды тауып, қар құрсауында қалған автобустағы жолаушыларды құтқарды.

Оқу-жаттығу жиынына 31 техника мен 130-ға жуық адам тартылды.

Марғұлан Аманбаев, Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

- Биыл Ішкі істер министрлігі, оның ішінде Төтенше жағдай комитеті өрт-сөндіру техникасын және адам таситын Трэкол көлігін алып берді. Негізгі міндет – қыста төтенше жағдайды жою және алдын алу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде