{metadescription}
Талғарда 100-ден аса мүгедек мұздай қойманы паналап отыр
Талғарда 100-ден аса мүгедек мұздай қойманы паналап отыр

Талғарда 100-ден аса мүгедек мұздай қойманы паналап отыр

Алматы облысында жүзден астам мүгедек жылуға жарымай отыр. Тумасынан көзі көрмейтін жандар ескі қойманы паналаған. Зейнетақысын жырымдап жиғандары жылыту пешін сатып алса, шамасы жетпегені амалсыздан сыз тартқан бөлмеде отыр. Үй кезегін адам төзгісіз жағдайда күткен зағиптар талай рет жергілікті атқамінерлерден тым болмаса есік қойып беруін сұраған екен. Алайда ел басқарған азаматтардың жомарттығы тек әк сатып алуға ғана жетіпті.

КТК тілшісі Талғардың тәлкекке ұшыраған тұрғындары туралы.                  

Аядай бөлмеде 60-тан асқан қария тұрады. Бірақ қазір үйінде жоқ. Суық тиіп ауруханаға түсіпті. Көршілері оның қайтқанын қалап тұрған жоқ. Бірақ жек көргеннен емес, жаны ашығаннан.    

Әсия Қағазбекова:

- Жердің бәрі сыз. Суықтан аяғымыз жаурайды. Бір жұқа кілем, өзіңіз көріп тұрсыз. Линолеум бәрі жыртық. Мынадай сызда жаман ғой, адамдар тұра алмайды, ауырамыз үнемі, өкпеміз, бәрі ауырады.

Тоқсан жыл бұрын салынған ескі қойма. Барар жері, басар тауы жоқ зағиптар кезінде өз күшімен есік қойып, бір-бір бөлмесін паналаған. Есік-терезесі шұрық тесік ғимаратта Қосбармақовтардың ғана тұрмысы тәуірлеу. Себебі, тоқ пеші бар. Ерлі-зайыптылар оның өзін 5 мың теңге айлығы мен 40 мың теңге зейнетақысын жырымдап жүріп әрең сатып алған. Жылдар бойы жылу көрмеген жандардың соңғы рет қашан ыстық суға шомылғаны да есінде жоқ.        

Жанар Батырбекова, екінші топтағы мүгедек:

- Қызым мұздай сумен шомылады.

- Көмектесетін ешкіміңіз жоқ па? 

Жоқ, шешем де, ағам да мүгедек, алыста тұрады. Мұнда жалғыз өзім  қызыммен тұрамын. Балам да бар. Ол шешемнің қолында. Күнімді көре алмағаннан кейін шешемнің қолына бергенмін.

Жанар Батырбекованың тумасынан көзі көрмейді. Күйеуі тұрмыс тауқыметіне төзбей, тастап кетіпті. Жығылғанға жұдырық – 40-тан енді асқан әйелдің сырқаты асқынып, артынша сол қолы да істемей қалған. Бірақ қиындыққа мойымаған қайсар жан айлығы шайлығына жетпесе де, жалғыз өзі қыз өсіріп отыр. Жылудың жоқтығы жеткіншектің де жанына батқан.

Жанель:

- Кешке суық болады. Өте тар. Суық суға жуынамыз. Қатты жаураймын. Үйде күртемен, оның ішінен қалың жемпір киіп жүремін.

Менің аяғымда қазір қалың етік. Ал оның ішінде альпинистер киетін жылы шұлық. Бірақ соған қарамастан, осында отырған 15 минуттың ішінде аяғымнан сыз өтіп кетті. Үйде жылыту пеші жоқ емес, бар. Бірақ жалғызбасты ана оны әр кезде қоса бермейді. Себебі, әйелдің алатын 6 мың теңге айлығы бөлмені күні бойы жылытуға жетпейді.

Талғар ауданына қарайтын зағиптар қоғамында 160 адам есепте тұр. Бәрі де үй кезегін күтіп бала-шағасымен тозығы жеткен жатақханалар мен ескі қоймаларды паналаған. Оларға бас-көз болған төрағалары атқамінерлерден көмек жоқ емес, бар дейді. Жомарттығы сондай, әк алып, жатақханаларын ақтап беріпті.     

Әбілысхат Қоханов, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Талғар корпоративтік қорының директоры:

- Әкімдік біледі, бәрі біледі. Бұл жасалмайды енді. Жамауға келмейтін зат. Жатақхана болғанда тұратын жер емес, уақытша болатын. Бұрыннан уақытша. Жұмысты әрең тауып беріп отырмыз. Ал бұны онымен қоса асыраған өте қиын.

Уақытша паналап отыр деген зағиптардың соңы 5, ал алды 26 жылдан бері тұрып келеді. Үй кезегін жылдап күткен жандардың ендігі бар үміті жомарт жандарда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.