{metadescription}
Қазақстан мен Өзбекстан парламентаралық ынтымақтастықтың комиссиясын бірге құрады
Қазақстан мен Өзбекстан парламентаралық ынтымақтастықтың комиссиясын бірге құрады

Қазақстан мен Өзбекстан парламентаралық ынтымақтастықтың комиссиясын бірге құрады

Қазақстан мен Өзбекстан Сенатының төрайымдары парламентаралық ынтымақтастықтың бірлескен комиссиясын құруға уағдаласты. Осылайша тараптар екі елдің депутаттары арасындағы қарым-қатынас дамудың жаңа сатысына көтеріледі деген сенімде.

Жаңа органның құрылуына Сенат спикері Дариға Назарбаева мен оның өзбекстандық әріптесі Танзила Нарбаева қол қойды. Құжат реформаларды құқықтық қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық даму саласында тәжірибе алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру, сондай-ақ екіжақты шарттар мен келісімдерді қабылдау және ратификациялау процестерін жеделдету мәселелерін қамтымақ.

Екі елдің Сенаты арасында 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен Жол картасына қол қойылды.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

- Екі елдің қарымқатынасы өте нәтижелі болады деп ойлаймын. Өйткені бізде барлық мәселелер бойынша өзара түсіністік пен келісім бар. Сенат құрамындағы комитеттер де ынтымақтастықты жолға қою қажет. Сауда-экономикалық қарым-қатынастағы кедергілерді болдырмау бойынша жұмыс белсенді жүргізілу керек.

Танзила Нарбаева, Өзбекстан Республикасы Олий мәжілісі сенатының спикері:

-  Қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Өзбекстан парламенттерінің жасаған жұмыстарына алғыс айтқым келеді. Болашақта жұмыс көп. Екі ел достық қарым-қатынасқа маңыз береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.