{metadescription}
Депозиттерге кепілдік беру қоры мәлімдеме жасады
Депозиттерге кепілдік беру қоры мәлімдеме жасады

Депозиттерге кепілдік беру қоры мәлімдеме жасады

Жинақ салымдарына берілетін жылдық сыйақының көлемі артады. Желтоқсан айынан бастап оның мөлшері 14,6 пайызға жетпек. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорындағылар мәлімдеді.

Майра Әбдіраманова, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынын басқарма басшысы:

- Толықтыратын түрі бойынша салымдардың ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі 12,712,9 пайызға өсті. Ал толықтырусыз жинақ салымдары бойынша 12 және одан жоғары мерзімге ашылатын салымдар пайыз мөлшері 14 және 14,6 пайызға өсті.

Мамандар банктердің нарықта ұсынатын сыйақы мөлшерін саралай келе осындай байламға тоқтаған. Алайда қордың ұсынысымен кез келген банк келісіп, ең жоғары сыйақымен депозит қабылдайды деп айту ертерек. Себебі, жылдық сыйақының артуы клиенттердің қатарын көбейткенімен, банктің несиелік қызметіне кері әсерін тигізіп, соның салдарынан несиенің пайызы  көбеюі мүмкін.

Қазір 3 айдан 3 жылға дейінгі жинақ салымдары 15 банкте бар. Ал жыл басынан бері жинақ салымдарының көлемі 8 есе артқан.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде