Ақтүтек боранда жолда қалған жолаушының жүрегі тоқтады
Еліне жете алмады! Ақтөбе облысында ақтүтек боранның кесірінен жолда қалған автобустың бір жолаушысы қайтыс болды. 63 жастағы Тәжікстан азаматының жүрегі тоқтап қалған.
Автор: Жаңалық Ахаш
05.11.2019
Тәжікстан азаматы мінген автобус 15 жолаушысымен Ырғыз елді мекеніне 20 шақырым қалғанда үйілген қардан жүре алмай қалады. Көліктерінде бір күн түнеп, құтқарушылар сол маңдағы дәмханадан тамақтандырған. Қайтыс болған Хучамурод Баенов отандастарымен бірге Ресейден еліне қайтып бара жатқан екен. Жанында болғандар оның еш сырқатын байқамадық деп отыр. Құтқарушылар Баеновтің өлетіндей жағдайда болмағанын және автобустың жылыту пеші істеп тұрғанын айтады. Қазір тәжікстандық азаматтың мәйіті Қарабұтақтағы емханадан сараптама орталығына жеткізілді.
Ассадулла, оқиға куәгері:
- Таңғы намаз алдында дәрет сындыруға шықты. Қайтып келе жатып құлап қалды. Есін жиғандай болған еді. Екінші рет талып құлағанда, үзіліп кетті. Сырқат адамға ұқсамады. Дәмханадан тамақтанып, әңгімелестік. Бұлай жолда қайтыс болады деп мүлдем ойламадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!