{metadescription}
Рая Мұхамедиярова: Қанша жігіт қасымда жүрсе де, өзімнің тазалығымды білемін...
Рая Мұхамедиярова: Қанша жігіт қасымда жүрсе де, өзімнің тазалығымды білемін...

Рая Мұхамедиярова: Қанша жігіт қасымда жүрсе де, өзімнің тазалығымды білемін...

Қазақ өнері қара жамылды. Әйгілі актриса Рая Мұхамедиярова 80 жасында дүниеден озды. Сұлулығы мен әртістік таланты ұштасқан ол театр сахнасында түрлі рөл сомдап, 30-ға жуық фильмге түскен еді. Халыққа, әсіресе, «Менің атым Қожадағы» Хадиша Майқанова бейнесі арқылы танылған. Алайда марқұмның ғұмыры «бір кем дүниесіз» болмады. Оның көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповпен арадағы махаббаты баянсыз аяқталған. Әрі соңғы уақытта өзі өнер әлемінен жырақтап кеткен болатын.

Қылдырықтай қазақ қызына сүйсінбей қарау мүмкін емес. Оның бойына табиғат сұлулық пен талантты аямай берген. Соның арқасында Рая ел арасында «қазақтың Лоллобриджидасы» атанған. Ол кинода да, театр сахнасында да өнерімен көрерменді тәнті ете білді. 80 жылдық ғұмырында 30-ға жуық фильмге түсті. Әсіресе қазақ киносының бойтұмары «Менің атым Қожа» туындысындағы Хадиша Майқанова рөлімен талай жүректі жаулаған болатын.

- Бақа секіріп шыға келгенде, қызық болар деп ойладым.

- Қызықты тапқан екенсің, күлетін не бар оған. Бақаның тарбаңдағаны да қызық болып па.

Үріп ауызға салғандай жас актрисаға ұлы жазушы Ғабит Мүсірепов ғашық болған. Сөйтіп 25 жастағы Рая Мұхамедиярова мен алпысты алқымдаған жазушы отау құрады. Алайда екеуінің бақыты баянсыз болды. Бар-жоғы 8 жыл бірге тұрып, жолдары екіге бөлінген. Актрисаның өзі шаңырағының шайқалуына қаңқу сөздер себеп болғанын айтатын.

Рая Мұхамедиярова:

- Өзімнің тазалығымды білемін. Қанша жігіттер қасымда жүрсін, солармен ішіп жүрейін, бірақ төсекке ешкім мені жатқыза алмайды. Себебі, мына жерде Ғабең жүрді. Ғабеңнің алдында мен тазамын. Жұрт не десе де, өзі не ойласа да...

Ғабит Мүсірепов пен Рая Мұхамедиярованың екі қызы бар. Актриса ұлы жазушыдан соң ешкіммен бас қоспады. Хас драматургке деген махаббаты мәңгілік еді. Ол 2002 жылға дейін қаламгердің аты берілген балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті. Алайда соңғы уақытта көрермен одан көз жазып қалды. Рая апай өнер әлемінен оқшау өмір сүрді. Өнердегі әріптесі Асанәлі Әшімов марқұмның мінезді болғанын айтады. Әрі сол мінезі көпке жаға бермейтін.

Асанәлі Әшімов, ҚР халық әртісі:

- Орыстар айтады ғой, «гордый» деп. Сондай көкірек, өзінің талантына қарай мінезі болды ғой енді. Онсыз болмайды. Ол мінез біреуге жақса, біреуге жақпады. Балалар мен жасөспірімдер театрынан кетті, кинода да оған лайықты үлкен рөлдер болмады. Сондайсондай әртүрлі жағдайлармен кібіртіктеп қалды. Соның бәрі адамның жүйкесіне, денсаулығына әсер етеді ғой.  

Қаралы хабарды естіп, өнердегі әріптестерінің де, көрермендерінің де қабырғасы қайысты. КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атанған Рая Мұхамедиярова бүгін таңертең дүниеден озды. Әріптестері біраз жылдан бері оның денсаулығы сыр беріп, дертпен күресіп келгенін айтады. Бірақ сұм ажал дегенін істеді. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі қарашаның жетісінде өзі қызмет еткен театрда болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде