{metadescription}
0:000:00
Петропавлда жасөспірім Есіл жанындағы биік жардан құлап кетті

Петропавлда жасөспірім Есіл жанындағы биік жардан құлап кетті

Петропавлда 14 жасар бала Есіл өзенінің жанында жардан құлап кетті. Кешкі уақытта досымен ойнап жүргенде сүрініп кетіп, 30 метр биіктіктен құлаған. Құдай сақтап, аман қалды. 

Жазатайым жағдайға тап бола жаздаған жасөспірім жардан өзен жағасына қарай құлаған. Жанындағы досы оны жоғарыға тартып шығаруға тырысады. Қимылсыз жатқан Кирилл жолдасының зәресін ұшырыпты. Досы жақын маңдағы полиция бөлімінің көмегіне жүгінген. Құтқарушылар баланы шам жарығымен іздеп, өздері де жардан түсуге мәжбүр болды. Мұзда есінен танып жатқан жасөспірімді арқанмен шығарып алды. Дәрігерлер толық медициналық көмек көрсетіп, үйіне қайтарды. 

Айдарбек Кеншінбаев, патрульдік полиция қызметкері:

- Арқанмен тартып алып шықтық. Автопатруль келіп, арқанды алып, аға сержант Көкебаевқа лақтырып, содан жабылып жүріп төрт жігіт құтқардық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.