Жергілікті бюджеттер жыл сайын 400 миллиард теңгеге күшейтілетін болды
Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын тікелей астанаға жөнелту деген енді болмайды. Ол қаражат енді жергілікті бюджетке түспек. Ол келесі жылдан бастап жүзеге асырылады.
Автор: Ербол Тұрымбет
06.11.2019
Бірақ оның мыс, мұнай-газбен айналысатын ірі ұлттық компанияларға қатысы жоқ. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, бүгінде бүкіл бизнес өкілдерінен түсетін корпоративті табыс салығы 1 триллион 300 миллиард теңге. Енді соның 400 миллиарды өңірлердің өз қалтасына түспек. Ал бұрын донор өңірлердің ақшасына күнелтіп отырған дотациялық облыстар «одан кеміп қалмайды» дейді министр. Себебі, Үкімет трансферттер арқылы жағдайын теңдестіріп отырмақ.
Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығы, яғни 400 млрд теңгеге жуық енді жергілікті бюджеттерге беріледі. Ол жергілікті экономиканы дамытады, ынталандырады. Ол өте маңызды жоба. Енді жергілікті бюджеттер жыл сайын 400 миллиард теңгеге күшейтілетін болады. Ол өте жақсы сома, өте жақсы көлем.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!