12 адамның өліміне кінәлі автобус жүргізушісі бес жылға сотталды
Жамбыл облысында апатқа ұшыраған автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты. 12 адамның өліміне кінәлі деп танылған азамат бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол енді 7 жыл бойы көлік жүргізе алмайды.
06.11.2019
Ол сотта кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетінін айтқан. Сондықтан судья жазасын мейілінше жеңілдетті.
Жеті ай бұрын Түркістан облысынан Алматыға бет алған автобус Қордай маңында апатқа ұшыраған еді. Соның салдарынан 31 адам жарақат алып, 8 отандасымыз бен 3 Өзбекстан азаматы оқиға орнында көз жұмған. Кейін ауруханаға түскен тағы бір адам қайтыс болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары