Теріс діни ағымның жетегінде жүргендермен қалай күресеміз?
Еліміздегі теріс діни ағымның жетегінде жүргендер саны жөнінен өңірлер арасында елорда мен Алматы алдыңғы қатарда тұр. Атырау, Түркістан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында да көп кездеседі.
Автор: Ербол Тұрымбет
06.11.2019
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, бүгінде елімізде диструктивті діни идеологияға еріп жүргендер саны шамамен 20 мыңнан асады. Олардың басым бөлігі жоғарыда аталған өңірлерде. Дегенмен соңғы кезде олардың қатары біраз азайыпты. Мұндай мәліметті Ақпарат және қоғамдық даму министрі келтірді.
Бүгінге дейін әр түрлі сайттардан діни экстремизм мен лаңкестікке шақыратын 13 мың материал жойылған. Тағы 25 мың материал сайт басшыларына айтып алдырылған.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Жалпы профилактикалық шараларды қысқартып, қауіпқатерде тұрған топтарға назар тіктеу керек. Олар – жұмыссыздар, өз-өзін жұмыспен қамтитындар, студент жастар және вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!