{metadescription}
Мүгедек балаға дөрекілік танытқан тіс дәрігері қамауға алынды
Мүгедек балаға дөрекілік танытқан тіс дәрігері қамауға алынды

Мүгедек балаға дөрекілік танытқан тіс дәрігері қамауға алынды

Ақтауда жеті жасар балаға дөрекілік танытты деп айыпталған тіс дәрігері қамауға алынды. ДЦП-мен ауыратын жеткіншекті жұлқылап орындыққа атып ұрған дәрігер үш тәулікке темір торға жөнелтілді. Сараптама қорытындысы дәрігердің баланы жеңіл жарақаттағанын анықтаған.  

Алтай Қонысов, Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы:

- Мұхамбетов Төлегенге қатысты ҚР Әкімшілікқұқық бұзушылық кодексінің 73-1 бабының бірінші бөлігімен әкімшілік іс қаралып, аталған құқық бұзушылық бойынша үш тәулікке қамау жазасы қолданылды. Жаза қолдану барысында Мұхамбетовтің іс-әрекетінде ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар ескерілді.

Судьяның айтуынша, тіс дәрігері кәмелет жасына толмаған баланың мүгедек екенін біле тұра, оған қатыгездік танытқан. Сондықтан оның айыппұл төлеп құтылып кетуі мүмкін емес. Полицейлер 26 жастағы Төлеген Мұхамбетовті сот залынан абақтыға алып кетті. Алайда зардап шегушінің анасы дәрігерге жеңіл жаза берілді деп үкіммен келіспей отыр.

Өткен аптада баласын тіс дәрігеріне алып барған Қызғалдақ Сапарова полицияға арыз түсіреді. Кейін анықталғанындай, кабинетке үш рет кірген бала инеден қорқып, тісін емдетуге көнбей қойған. Осылай қиғылық жасаған баланы тәртіпке салмақ болған дәрігердің оны қатты жұлқылап, орындыққа атып ұрған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалады. Кейін кешірім сұраған Мұхамбетовтің баланы ұрмағанын, жай қорқытқысы келгенін айтып ақталғаны есімізде. Ол сот шешімі болмай тұрып жұмыстан шығарылған.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде