{metadescription}
Ауыл – ел бесігі! Ісін мандыта алмаған Үкімет ауыл мәселесіне қайта оралды
Ауыл – ел бесігі! Ісін мандыта алмаған Үкімет ауыл мәселесіне қайта оралды

Ауыл – ел бесігі! Ісін мандыта алмаған Үкімет ауыл мәселесіне қайта оралды

Ауыл баласының үлкен шаһарларға жаппай көшіп жатқаны шенеуніктердің ұйқысын қашырыпты. Енді Үкімет жастардың ауылда қалуына жағдай жасамақ. Оған тағы бір жоспар құрылып, тағы да триллион теңге бөлінеді. Қомақты қаржы жымқырылмай жұмсалса, алдағы бес жылда ауыл нағыз ел бесігі болатын сыңайлы. Триллион теңгелік кезекті жоспардың жай-жапсарын КТК тілшісі тарқатсын.

Сары-Оба стансасын мұндағы жұрт «жетімнің күйін кешкен ауыл» санайды. Қараусыз қалған елді мекенде әкімдік жоқ, халықтың демалатын мәдени клубы жоқ. Ал бұрынғы балабақшаның сыйқы жоқ. Яғни бұл ауылда балабақша да жоқ.

15 жыл бұрын салынған мектептің сыртын тұрғындар аз-кем сылап, әктепті. Әлі де жөндеу қажет. Ақшасы халықтың қалтасын көтермейді. Ал округ әкімдігі бюджетке телміріп отыр. Мұндағы көп пәтерлі үйлердің де жағдайы мәз емес. Кәріз жүйесі тозған. Жазда қолқаны қапқан иіс бүкіл ауылға тарайды. Ал қыста әрқайсысы жеке-жеке өз баспаналарында отын жағуға мәжбүр. Туу көрсеткіші төмендеген, жұмыссыздық та белең алыпты. Екі қолға бір күрек таппаған жастар алып шаһар – елордаға ықыласы ауған.   

Жібек Әбжанова, Сары-Оба ауылының тұрғыны:

- Интернет жоқ, жолымыз жаман. Мектепті барып көріңіздер, қандай екенін. Бұрын бізде бәрі болды, клуб болды. Бәрі, ауылдың кісілері қалада жұмыс істейді. Бала-шағаларын тастап қалаға кеткен.  

Сары-Оба стансасы сияқты Қазақстанда ауылдар көп. Шешілмеген проблемалары шаш етектен. 2003-2005  жылдар аралығында «Ауыл жылы» деп жариялап, ісін мандыта алмаған Үкімет ауыл жағдайына амалсыз қайта оралып отыр. Үкіметтегілер «Ауыл – ел бесігі» деп аталатын жаңа жобаны іске асырудың тетіктерін мақұлдады. Бұл өз кезегінде, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартып, елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді.

Роман Скляр, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

- Қазір даму әлеуеті бар 3 477 ауыл іріктеп алынды, оның ішінде – 1 150 тіректі және 200 шекара маңындағы ауылдар енгізілген  2 327 спутниктік ауылдар. Аталған ауылдарда 6,6 млн адам немесе ауыл халқының 85% тұрады, оларды дамыту басымды түрде болады.

2019-2020 жылдары 300-ден астам ауылды толық жаңғырту жоспарланған.

Үкімет даму әлеуеті бар ауылдарды қалыпқа келтіруге 900 млрд теңге бөлуді қарастыруда. 3477 ауылға 7 мың шақырым жол тартпақшы. 130 мың жаңа жұмыс орнын ашып, 7 млн ауыл тұрғынының тұрмыс сапасын жеті жылда жақсартуды көздеп отыр. Жоспар – ауқымды. Тек триллионға жуық теңге тағы тістегеннің ауызында, ұстағанның қолында кетпесе болғаны.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.