{metadescription}
Үкіметке жолданған латын әліпбиінің жаңа нұсқасы қандай?   
Үкіметке жолданған латын әліпбиінің жаңа нұсқасы қандай?   

Үкіметке жолданған латын әліпбиінің жаңа нұсқасы қандай?   

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін тіл мамандары латын әліпбиінің басқаша түрін ұсынды. Кезекті нұсқада үтір және екі әріптен бір дыбыс шығару деген мүлдем жоқ. 32 таңбадан тұратын жаңа нұсқа алдағы уақытта Үкіметке жолданбақ.

Мамандар латын әліпбиінің бұған дейінгі жобасына тағы да 4 дыбысты кірме ретінде қосқан. Олар «ч», «в», «ф» және «х». Сондай-ақ, халықаралық тәжірибеге сай, кірме сөздер мен төл сөздердің кейбірі бұдан былай бір дыбыспен таңбаланады. Мысалы, «И», «І» дыбыстары бір таңбамен көрсетілсе, «Ұ» мен «У» латын қарпінде бір әріппен жазылады. Яғни, әр дыбыс жеке-жеке таңбамен көрсетілмек. Сондықтан бұл әріптердің үстіне екі нүкте қойылған. Сонымен қатар, «W» (дабл ю) деген «У» болады.

Латын әліпбиінде ескі емле ережелері өзгеріссіз қалады.

Ерден Қажыбек, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры:

- Қосар таңбалардан арылуымыз керек. Еуропа тілдерінде бұны жиі пайдаланады. Олардың тіл табиғаттары бұған мүмкіншілік береді. Түрік тілдерінде қосар таңбалар көптеген проблема тудырады. Мысалы, «с» мен «ш», «н» мен «ң» деген сыңар дыбыстарды бір таңбамен беру. Ғалымдар тіл заңдылығын сақтай отырып өзгерту енгізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.