{metadescription}
Ақтөбе: Мектепсіз Жаңақоныс-2 тұрғындары көрші ауылға қатынай алмай қиналуда   
Ақтөбе: Мектепсіз Жаңақоныс-2 тұрғындары көрші ауылға қатынай алмай қиналуда   

Ақтөбе: Мектепсіз Жаңақоныс-2 тұрғындары көрші ауылға қатынай алмай қиналуда   

Ақтөбе іргесіндегі қалаға қарасты ауылдың оқушылары мектепке қатынауға қиналып отыр. Елді мекенде білім ошағы болмағандықтан, көрші ауылға жаяу қатынайды. Мұндағы жұрт жер қарада көндіккенмен, ертең қар жауып, күн суытқанда күніміз не болады деп алаңдайды. Мәселені әкімдіктегілер жақсы білгенімен, оны шешуге асығар емес. Қатынасы қиын ауылдың жайын КТК тілшісі біліп қайтты.

Ақтөбе шетіндегі Жаңақоныс-2 ауылын ел арасында «Шестихатка» деп атайды. Кезінде бұл жерде небәрі алты үй болыпты. Қазір оның саны 200-ге жеткен. Ауылға тіке қоғамдық көлік қатынамайды. Жұрт автобусқа үш шақырым жердегі тас жолдың бойынан мінеді. Ересектер таң атысымен балаларды мектепке апаруға көлік іздеп сабылады. Себебі, ауылда балабақша мен білім ошағы атымен жоқ. Амалдың жоқтығынан 100-ден аса оқушы көрші ауылға қатынап сабақ оқуға мәжбүр. Ата-аналар жолай өткен-кеткен көліктен баласын мектепке жеткізіп салуды сұрап жалынып жүр. 

Марфуза Жұмағалиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Оныншы меткепке барады. Ол жаққа автобус жоқ. Жеңіл машинамен кімнің қолы бос, соған тиейміз. Көңіліне жаққанда мінгізеді, көңіліне жақпаса, мінгізбейді де. Тек жеңіл көліктер жүреді.  

Жұрт балаларының өміріне алаңдаулы. Жер қарада амалдағанымен, қыс түскенде тіптен қиын. Осыны айтып әкімге арызданған.

Ғалия Смағұлова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Үш шақырым жерге жаяу қатынайды. Әкімдер келгенде талай айттым. Өздеріңіздің балаларыңыз ақиқат жаяу жүрмейді дедім. Ал біздің балаларды аямайсыңдар ма? Қыстың күні балалар солай қатынайды, жаяу келеді. Қатты боранда шықпай қалады.

Бұл ауыл Ақтөбенің Астана аудандық әкімдігіне қарайды. Ондағылар оқушыларды мектепке таситын автобус іздеп жатқанын айтып, оған тендер жариялау қажет дейді.  

Бағжан Тілегенов, Астана ауданының әкімі:

- Енді сол қызмет көрсететін мекемені анықтайды. Ол өздерінің автобусы жоқ болған соң, қайдан автобус алады, білмейді.

- Іздейді ме?

- Іздейді, иә. Ол конкурс. Оған да ақша болу керек.    

Мектепке қатынайтын автобустың қашан табылып, қазынадан ақшаның қашан бөлінері әзірге белгісіз. Ал тұрғындарға тура ауылға баратын қоғамдық көлік бірер жылда болмайды. Себебі, тас жол салынбайынша, жолаушылар тасымалымен айналысатын ешбір мекеменің мұнда жолағысы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде