Зиянкестер! Көкөніс пен жеміс-жидектен қауіпті заттар анықталды
Елімізге сырттан әкелінген 60 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектен қауіпті заттар анықталды. Атап айтқанда, құрма мен мандариннен карантиндік зиянкестер табылған.
07.11.2019
Импорттық тауарлар Ресей, Қытай мен Өзбекстаннан тасымалданыпты. Кедендегі тексеруде жеміс-жидектердің адам денсаулығына зиян екені анықталған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің карантин жөніндегі инспекторлары қауіпті тауарларды шекарадан өткізбей кері қайтарған. Сондай-ақ, қаптама таңбалары жоқ жүзім, қызанақ, лимон мен фитосанитарлық сертификаты жоқ бидай өнімдерін Қазақстан нарығына кіргізбей қойған.
Ермек Бисен, АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің басқарма басшысы:
- Қытай халық республикасынан әкелінген мандарин өнімдерінен карантиндік заттар анықталды. Оған тиісті шара қолданылып, экспорттаушы елге кері қайтарылды. Және барлық анықталған шара бойынша өсімідіктер карантині саласында халықаралық стандарттарды бұзу бойынша 400ден астам нота жөнелтілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!