{metadescription}
Шу қаласындағы шағын орталықтың мамандары бірқатар былықты жайып салды
Шу қаласындағы шағын орталықтың мамандары бірқатар былықты жайып салды

Шу қаласындағы шағын орталықтың мамандары бірқатар былықты жайып салды

Жамбыл облысында шағын орталықты жабу туралы шешім үлкен шуға ұласты. Балабақшаның есігіне қара құлып ілінсе жұмыссыз қаламыз ба деп уайымдаған қызметкерлері мектеп директоры мен білім бөлімінің басшысы» шешімін өзгертсін» деп талап қойды. Басшылыққа ашуланған мамандар оқу ордасындағы былықтарды жайып салды.

Шу қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің жанынан осыдан алты жыл бұрын шағын орталық ашылған. Мұнда 11 қызметкер жұмыс істесе, 50-ге жуық бала тәрбиеленеді. Мамандардың айтуынша, шағын бөбекжайдың жабылатындығы жөнінде білім бөлімі тарапынан жуырда ғана айтылған. Ескерту парағы беріліпті. Алайда оған көбі қол қоймай, кері қайтарған. Олар төбесінен жай түскендей күйде. Не істерін білмей абдырап қалған наразы топ «басшылар шешімін өзгертсін» деп талап қояды. Егер қаулы қабылданса, олар «жұмыссыз тентіреп қаламыз ба?» деп уайымдайды. Ал мектеп директоры шағын орталық орын жетіспейтіндіктен жабылады деп түсіндірген. Яғни балабақшаға тиесілі 6 кабинетті оқушыларға ұсынбақ.

Айжан Қасымжанова, орталық әдіскері:

- Жабылудың себебі – оқушы сыймайды дейді. Негізі оқушы сыймайды емес, парта жоқ. Білім бөлімі парта бөліп бермейді. Бір партада үш оқушыдан отырады.

Енді мұндағы 50 бала жеке балабақшаларға бөлінуі тиіс. Алайда ата-аналардың көбінің басқа жаққа ауысқысы жоқ. Тасымалдау машақаты өз алдына, төлемақының қымбаттығы қалтаны қағады дейді жұрт.  

Толқын Олжаболатова:

- Мен баламды жеке бақшаларға жібергім келмейді. Ол жақтың бағасы қымбат. Осы мемлекеттікте 5 мың теңге, соны қалтам көтереді, осы жерде отырамын.

Бұл жағдай көптің жүйкесін жұқартқан тәрізді. Қызды-қыздымен мамандар мектептегі былықтарды жайып салды. Екі баланың анасы Нұргүл Егембердива осында медбике болып істейді. Жалғызбасты ана алты ай бұрын жұмысқа «ақша беріп кірдім» дейді.  

Нұргүл Егембердиева, медбике:

- 100 мың далаға кетті. КТК шақырмас бұрын «ақшамды қайтарыңыз, үйімде көмірім жоқ» дедім. «Сен 100 мың ақшаңды екі есе қылып алып қойдың» деді.

- Ақшаны нақты кім алды?

- Мамутова Дильбар, директордың орынбасары. Директорға сол кісі ақшаны санап берді.

Кәмшат Қаратаева есімді қызметкер бірнеше ай бұрын еден жуушыдан бала күтуші қызметіне ауысу үшін директорға «ауызбастырық бердім» деп отыр. 60 мың теңгені екі бөліп ұсынған көрінеді.  

- Ақша қанша сома, кімге, қашан бердіңіз?

- 30 мың теңгені үйіне апарып, 30 мыңды Жұлдыз деген зертханашыға бердім. Мына кісінің үйіне апарып, қолма-қол бердім.

- Сұрап алғаным жоқ, өзі тастап кетті.

Білім ошағының басшысы өзіне тағылған айыпты теріске шығара алмай әбден састы. Бірақ медбикеден 100 мың сұрағаным «жалған» дейді. Директордың айтуынша, 750 орындық мектепте оқушы саны екі есеге артқан. Сондықтан білім бөлмімен кеңесіп, балабақшаны жабуды ұйғарған. 

Перизат Қосақова, Шу аудандық білім бөлімінің бас маманы:

- Бұл жақтағы қызметкерлердің бәрі жұмыспен қамтылады. Ешкімді далаға тастайын деп жатқан жоқпыз. Мектеп ішінде қамтылды. Басқа мекемеден тауып береміз. Бәрін жұмыспен қамтимыз.

Дегенмен әлі қаулы шыққан жоқ, әзірге тек ұсыныс күйінде. Бірақ шенеуніктердің әрекетіне қарағанда шағын орталықтың түбі жабылып тынатын түрі бар.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде