Еліміздегі ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, психологиялық күйзеліске қандай көмек бар?
Ажырасқандар саны артып барады. Елімізде күн сайын 150 отбасының шаңырағы шайқалады. Ал бір жылда 400-ге жуық әйел үйдегі ұрыс-керістің кесірінен қаза тапса, балалардың 75 пайызы психологиялық және күш қолдану салдарынан зардап шегеді. Осылай деп дабыл қаққан қоғамдық ұйымдар енді жаңа жоба бойынша жұмыс жүргізуде. «Өнеге» жобасы - ажырасу мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, психологиялық күйзеліске ұшыраған отбасыларға кеңес беру бағытында қызмет етеді.
Автор: Салтанат Шырынхан
08.11.2019
Азамат Жаманшинов, «Өнеге» жобасының басшысы:
- Бұл жобаның маңыздылығы – жүйелігінде. Бұл мемлекеттің отбасыларға жасап жатқан ең жүйелі қадамы, көмегі. Бізде әр облыста бір ғана орталық бар. Оның өзі аз. Алдағы уақытта әр ауданнан ашсақ деген жоспар бар.
Бүгінде халық игілігіне жұмыс істеп жүрген жоба жетекшілері отбасыларға мыңға тарта ақыл-кеңес өткізген. Нәтижесінде 250-ге жуық ерлі-зайыпты некесін сақтап қалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – отбасының қоғамдағы орнын қалыптастыру. Отбасының берекесін келтіріп, баласын қорғау.
Жанұя жылуының кетуінің ең басты себебін тұрмыс тауқыметімен байланыстырып отыр. Әлеуметтік қызмет еліміздің 9 өңірінен ашылған. Соның бірі Қызылорда облысындағы орталықта көбіне қаржы және құқық жағынан көмек сұрайтындар көп кездеседі екен.
Майя Наримова, «Жомарт» қоғамдық бірлестігінің басшысы:
- 220 отбасы көмек сұрады, біз көбісінің мәселесін шешіп, нәтиж беруге, ықпал етуге күш салдық. Көп нәрсені анықтадық – атаананың жауапкершілігін, баласына көзқарасын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!