{metadescription}
Семей өлкетанушылары көне нысанды музейге айналдыруға биліктен көмек сұрайды
Семей өлкетанушылары көне нысанды музейге айналдыруға биліктен көмек сұрайды

Семей өлкетанушылары көне нысанды музейге айналдыруға биліктен көмек сұрайды

Семейде өлкетанушылар мен қоғам белсенділері тарихи нысандардың қараусыз қалғанына наразы. Соның бірі – еліміздегі алғашқы салынған байланыс орталығының ғимараты. Сәулеті ерекше нысан мемлекеттің қорғауына алынған. Әйтсе де белсенділер оның жергілікті биліктің салғырттығынан апаттық жағдайда тұрғанын айтуда. Төбе жабындылары уақтылы ауыспағандықтан, ішіне су ағып, ағаштары шіріп кеткен. Енді олар шенеуніктерден нысанды қалпына келтіріп, мұражайға айналдыруды талап етуде.

Қос қабатты нысанның іргетасы 20 ғасырдың бас кезінде қаланған. Сол сәтте ғимаратта еліміздегі алғашқы байланыс орталығы ұйымдастырылыпты. Бүгінде қаңырап бос тұр. Тіпті төбесінен су ағып, ағаш жабындылары түгел шіріп кеткен.

Көне нысанның мемлекеттің қорғауына алынғанына 30 жыл болған. Оған маңдайшасына орнатылған тақтайша дәлел. Әйтсе де өлкетанушылар жергілікті билік ғимаратты «қараусыз қалдырды» деп отыр. Соның салдарынан ол адам көргісіз күйге түскен. Терезе әйнектері сынып, төңірегіндегі тұрғындар ішіне тұрмыстық қалдықтарды үйіп тастаған.

Марат Асанов, «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

- Қазірдің өзінде бұзылып жатыр. Дереу қолға алмаса, екі жылдан кейін түгі де қалмайды. Мұндай салғырттықтың салдарынан тарихи ғимараттан айырыламыз ғой.

Ғимаратты ұзақ жылдар бойы жергілікті өлкетанушы Владимир Лушников мұражайға айналдырыпты. Ол сөреге байланыс орталығынан сыр шертетін экспонаттар қойған. Бірақ өмірден озғаннан кейін жәдігерлердің нақты қайда қалғаны белгісіз. Тарихи нысанның тағдырына алаңдаған белсенділер бармаған жер, ашпаған есігі қалмағанын айтады.

Николай Исаев, қоғам белсендісі:

- Республикалық дәрежеде байланыс орталығына арналған мұражай ашу туралы ұсыныс айттым. Көріп тұрсыздар ғой, сәулеті де ерекше. Қайтадан қалпына келтірілсе, туристердің келетін орны осы болмақ. Бірақ бірі қозғалмай отыр.

Жұрттың бұл арманы орындалмайтын тәрізді. Өйткені мамандардың айтуынша, ғимаратқа облыстық коммисия өкілдері тексеріс жүргізіп, «апаттық жағдайда» деген қортынды шығарған. Енді шенеуніктер жергілікті білім бөлімінің балансында тұрған нысанға не істерін білмей дал.

Юрий Пазына, Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары:

- Ендігі іс-әрекеттері – ол енді... Қалай айтсам екен…

- Сүріле ме?

- Сүрілмейді! Тура қазір олай айтуға болмайды.

Осылайша көне нысан жергілікті биліктің де бас ауыртатын мәселелесіне айналған. Ал өлкетанушылар оны қайткен күнде сақтап қалудың қамына кірісеміз дейді. Олар мұражайға айналдыру үшін еліміздің жоғарғы билігінен қолдау сұрамақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде