Алик Шпекбаев: Балаға үйден дұрыс тәрбие берілсе, елімізде жемқорлық болмайды
Ешкімнің ақысын жеме! Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткен форумда Мемлекеттік қызмет істер жіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев балаға үйден дұрыс тәрбие берілсе, елімізде жемқорлық болмайтынын айтты. Жиын барысында ол қоғамды жайлаған жегі құрттың салдарымен күресуге шақырды.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
08.11.2019
Республикалық форумға қала әкімі, аудан басшылары, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері қатысты. Олар жемқорлықтың тамырына балта шабудың жолдарын ортаға салды. Алик Шпекбаев жиында айтылған пікірлерді ескере отырып, тиісті шара қолданатынын жеткізді.
Оның айтуынша, елімізде ірі көлемде пара алатындарыдың саны едәуір азайған. Мәселен, жауапқа тартылған мемлекеттік қызметкерлер орташа есеппен 83 мың теңге ауызбастырық алса, басшылық қызметтерде отырған шенеуніктер он есе көп, яғни 820 мың теңге көлемінде пара алған екен. Яғни елімізде жоғары лауазымды атқамінерлер жиі істі болып жатқанымен, жемқорлық жайы жылдан-жылға жойылып барады.
Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
- Біз мемлекеттік органдардың ашықтығы туралы рейтинг жасадық. Қазына қаржысы қайда жүмсалып жатқанын халық білуі тиіс. Соңғы үш жылда жемқор басшылар 14 пайызға азайған. Жоғары лауазымға баратын азаматтардың санасы өзгеріп келеді.Олар пара алмас бұрын жүз ойланып мың толғанады. Бұл жақсы көрсеткіш.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!