Бішкекте қатарынан үш жарылыс болды
Қырғызстан астанасының орталығында қатарынан үш жарылыс болды. Жарылыста 1 адам қаза тауып, 13-і зардап шегіп, оның екеуі ауыр халде жатыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
08.11.2019
Тапа-тал түсте жұрттың зәресін алған жарылыстар легі Бішкектегі жылдам тамақтану орнында болыпты. Олан 300 метр жерде Парламент пен Президент әкімшілігі ғимараты орналасқан. Куәгерлер жарылыстың қорқынышты даусын естіп жан-жаққа жапа-тармағай қаша жөнелгенін айтады. Жарылыстардан соң дәмхана алапат өртке оранған.
Мәліметтерге қарағанда кафедегі газ баллондары жарылған болуы мүмкін. Оқыс оқиғадан қаза тапқан адам фаст-фуд сататын жердің қызметкері. Әйел адам алған күйіктен оқиға орнында жан тапсырды. Ал зардап шеккен 13 адамның арасында балалар да бар. Қазір өрт өшіріліп, қоршауға алынған жерде мамандар жұмыс істеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!