Лицензиясыз! Шу мен Меркі ауданында медициналық колледж заңсыз жұмыс істеген
Жамбыл облысында 200 студент далада тентіреп қала жаздады. Шу мен Меркі ауданындағы екі бірдей медициналық колледждің лицензиясы жоқ болса да, шәкірт қабылдап, оқу жылына кірісіп кеткен.
Автор: Руслан Әбдіхалық
08.11.2019
Оқу орындарының заңсыз жұмысын білім саласын бақылау департаменті кездейсоқ анықтаған. Тексеріс жүргізіп, біраз кемшілікті әшкерлеп, дереу жұмысын тоқтатуға пәрмен берген. Қазір Шудағы оқу орнының есігінде қара құлып ілініп тұр. Биыл ашылған білім ошағы 120-ға жуық шәкіртті қабылдап, оқу ақысын алып үлгерген. Дау туған соң студенттер жасына қарай мектеп пен басқа оқу орындарына бөлініп, төлемақы да қайтарылған. Шу қаласындағы білім ошағы Алматы медициналық колледждің филиалы болып шықты. Ал Меркідегі медицина қызметкерлерін даярлайтын оқу орны лицензия алуға өтініш те бермеген. Ал мұнда 80 шәкірт қабылданған. Олар түгелдей Алматыға ауыстырылды.
Дәмеш Өскенбаева, Жамбыл облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы:
- Тоғыз талаптан тұрады, сол орындалмаған. Мамандар қайта барып көрді, құжаттары дұрыс болса да, материалдық базаға, оқулықтарға, оқытушыларға келгенде сәйкес болмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!