{metadescription}
Алматы облысы: Доланда 200-ге жуық оқушы аядай жер үйде білім алып жүр
Алматы облысы: Доланда 200-ге жуық оқушы аядай жер үйде білім алып жүр

Алматы облысы: Доланда 200-ге жуық оқушы аядай жер үйде білім алып жүр

Мегаполис іргесінде тұрса да, мектебі жоқ! Алматы облысының Долан ауылында балалар әлі жер үйде оқып жүр. 200-ше жуық оқушы айналдырған алты бөлмеде білім алуға мәжбүр. Ғимараттың тарлығы сондай, директоры да кіреберісті кабинет қылған. Ал спортзалды өмірі көрмеген балалар дене шынықтырумен далада айналысады. КТК тілшісі мектепке мұқтаж жандардың жанайқайын тыңдап қайтты.    

Мұғалімдердің түсірілім тобын ішке кіргізгісі келмегені бекер емес. Жер үйдің ішінде бала оқытып жатқанына олар да ұялатын сияқты. Қазақ тілі дәлізде, ал оның арғы жағындағы жатын бөлмеде математика сабағы өтуде. Бөлмелер тым тар болғандықтан, оқушылар бір партада төртеуден отыр. Ал мұғалімнің үстелі қуыста қалған. Оқушылар ескі оқу-құрал пайдаланып отыр.        

Балалар – біздің болашағымыз. Ал Алматы облысының болашағы мынадай жағдайда. Қазір ағылшын сабағы пәні өтуде, ал дәл қасында көрші бөлме, яғни бөлменің екінші жартысында компьютер сыныбы. Балалар мұнда информатика оқиды екен. Олардың компьютері соңғы рет қашан қосылғаны белгісіз. Себебі, клавиатурасын, экранын шаң басқан. Оосындай жағдайда балалар дамыған технологияны меңгеруде.

Балалар тұрмақ, мұғалімдердің өзі компьютерді көптен бері пайдаланбаған секілді. Себебі, үстелде тұрған компьютерлердің біреуі де тоққа қосылмаған. Қоңырау бар, бірақ асыр салып ойнаған бала жоқ. Себебі, тура кіреберісте мектеп директорының кабинеті.

Гүлнәр Раисова, бастауыш мектептің директоры:

- Бөлмемді босатып бергенмін. Бірақ оқушылар жылы, жарық жерде отыр. Өздеріңіз көріп тұрсыздар. Әрине, дұрыс емес, бірақ біз өзімізге тиісті жұмысымызды атқарып отырмыз.

Әдістемелік құралдары мен сынып журналдарын ұстаздар кіреберісте отырып толтырады. Айтуларынша, ғимарат 70 жыл бұрын салынған. Тәуелсіздік алған соң, алты бөлмелі жер үй мектепке айналған. Ал жергілікті әкім жаңа мектеп болмайды емес, болады деп отыр. Ол үшін екі жарым гектар жер де сатып алған екен. Бірақ құрылысқа әзір ақша жоқ. Келесі жылы облыстық бюджеттен қаражат сұратпақ. Тек, мұндай құрғақ уәдеден шаршаған тұрғындар әкімнің сөзіне құлақ  аспады.    

Жазира Жомарт:

- 13 жыл болды менің тұрып жатқаныма, бізде мектеп жоқ! Таксимен осы жерден кетеді, Бішкектің трассасынан өтеді, әрі қарай тағы 100 теңге таксиге береміз, олар әрі қарай барады. Қызым екі рет көлікке мініп барып оқып жүр.   

Оқушылар мұнда тек төртінші сыныпқа дейін оқиды. Ал бастауыш бітіргендері ауыл-ауылды аралап жүр. Оған арнайы автобус бөлінген. Ондаған баланы тасыған көлік ауылға жеткенше, ата-аналар жанын шүберекке түйіп отырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.