{metadescription}
«Дегдар» қоры Арыстағы балалар үйіне ауқымды сый жасады
«Дегдар» қоры Арыстағы балалар үйіне ауқымды сый жасады

«Дегдар» қоры Арыстағы балалар үйіне ауқымды сый жасады

Жетім көрсең жебей жүр! «Дегдар» қоры бұл жолы жарылыстан зардап шеккен Арыстағы балалар үйіне ауқымды сый жасады. Баламасы күнгейде жоқ ойын алаңқайынан бастап, бөлмелерге кілемдер мен жұмсақ жиһаз, интерактивті тақтаға дейін қойылды. Ал қолөнерге жақын ұл-қыздарға бөлек тарту жасалды. Қандай сый?  

Арыстағы Төлеген Тәжібаев атындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылы тәрбиеленушілерінің көңіл-күйі шат-шадыман. «Қолөнер» үйірмесіндегі ұлдарға ағаш пен метал өңдейтін станоктар қойылса, тігін үйреніп жүрген қыздарға соңғы үлгідегі тігін машиналары әкелінген. Үнемі инемен ғана жұмыс істеп жүрген қыздардың шабыты ашылып, енді орамалдан бастап, көрпе-құраққа дейін жасаймыз деп отыр.

Жасмина Досматова:

- Бір орамалға 5 немесе 10 сағат кететін еді. Ал қазір тігін машинасымен оңай болды, бір сағатта тігеміз. Және де апай көптеген тігін машинасымен бізге орамал тігіп, жастықтар тігіп үйретеді. Қуаныштымыз.

Маусым айындағы жарылыста балалар үйінің шатыры қирап, терезелері сынған еді. 90 жылдық тарихы бар мекеменің ескі ғимараты сүреңсіз күйге түскен кезде көмекке «Дегдар қоры» келді.

«Алматы – іңкәрім менің» қайырымдылық концертінен түскен 33 миллионға жуық қаржыны түгел Арыстағы балалар үйінің қажеттілігіне аударады. Бөлмелерге кілемдерден бастап, жұмсақ жиһаздар алынып, интерактивті тақта да ілінді.

Лаура Ахметова, «Дегдар» гуманитарлық қорының директоры:

- Мұндағы тәрбиеленушілердің көңілкүйінің жоғары болғаны, ештеңеге алаңдамай оқуын оқып, жаттығуы шығармышылықпен айналысқаны бізге өте маңызды. Сондықтан балаларға жағдай жасап, жарқын болашаққа сенім бергіміз келеді.

Бұрынғы шаң басқан көне алаңқай орнына футбол, баскетбол және волейболға арналған замануи спорт алаңы орнатылды. Ал есік алдында тұрған ойын алаңқайы балалар үйінің мақтанышы деуге тұрарлық. Мұның баламасы облыс көлемінде жоқ. Ғимараттың іші-сыртының көркейгеніне балалар түгілі қызметкерлер де риза.

Меруерт Сүйіндікова, Т. Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры:

- Балалар ойын алаңшасы болмай, жақын маңдағы мектептердің ойын алаңшасына баратын. Қазір енді қолжетімді өз ауламызда сондай дән риза болдық.  

Ғасырға жуық тарихында екі мыңнан аса бала тәрбиелеп, бес бірдей Кеңес одағының батыры, академиктер мен ғалымдар шыққан отбасылық үлгідегі балалар ауылында тәрбиеленіп жатқан 63 ұл-қыз болашағының жарқын екеніне сенімді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде