Алматыдағы жарылыстан зардап шеккен азамат ауруханада ақыры көз жұмды
Алматыдағы жойқын жарылыстан зардап шеккен үш азаматтың бірі ауруханада көз жұмды. Денесін 100 пайыз күйік шалған 36 жастағы науқасты дәрігерлер ажал аузынан арашалап қала алмадық дейді.
12.11.2019
Елдос Әлменов, №4 клиникалық аурухананың дәрігері:
- 1983 жылғы науқас термиялық күйіктің 100 пайыз көлемімен жатқызылды. Жан сақтау бөлімінде алғашқы көмек, шокқа қарсы энфуззиондық ем, симтаматикалық ем көрсетілді. Дегенмен бүгін таңғы сегізде қайтыс болды.
Қалған екі науқастың жағдайы да тым ауыр. Бірінің денесінің 85 пайызын күйік шалған. Ал екіншісі күйік бөліміне ауыстырылыпты.
Алматыдағы үш қабатты жеке үйде газ жарылып, баспананың быт-шыты шыққан. Жойқын жарылыстан бөлме аралық қабырға құлап, есік-терезелері тас талқан болды. Куәгерлердің айтуынша, үйге кірген адамдар жарықты қосқан сәтте бөлмеде жиналып тұрған газ тұтанып гүрс ете қалған. Зардап шеккендер сол коттеджді жалдап тұрған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!