{metadescription}
Білім және ғылым министрі тілшілерден неге тұра қашты?  
Білім және ғылым министрі тілшілерден неге тұра қашты?  

Білім және ғылым министрі тілшілерден неге тұра қашты?  

Орынбасары үшін жауап бергісі жоқ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орынбасары Фатима Жақыпованың қызметтен кетіп-кетпейтінін айта алмады. «Оны Жақыпованың өзінен сұраңыздар» деген министр тілшілерді көре сала тұра қашты.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Хабарын кейінірек айтамыз.

- Ол кісі плагиатқа жол бергенін мойындап отыр ма?

- Ол кісінің өзімен сөйлесуге болады ғой, өзімен сөйлессеңіздер, пікірін аласыздар.

Фатима Жақыпова ғылыми еңбегінің 40 пайызын өзі жазған, қалғанына біреудің еңбегін қолданды деп басы дауға қалған-ды. Өткен аптада Сенат қабырғасында депутаттар да плагиат дауына қалған вице-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Артынша, Жақыпованың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кеткені айтылғанымен, министрдің өзі оны нақтылаған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде