Оралда көп балалы аналардың ақшасын бермей бір ай сабылтып жүр
Атаулы әлеуметтік көмектің әурешілігі! Оралдағы көп балалы аналар өзіне тиесілі ақшасын уақтылы ала алмай жүр. Наразы топтың айтуынша, жауапты мекеме өкілдері олармен есеп айырысуды күнде ертеңге шегеріп шаршатқан.
Автор: Руслан Әбдіхалық
12.11.2019
Айжан Сапарова, көпбалалы ана:
- Басында 26-на түсті, одан кейін 29-на түсті, одан кейін 30, енді 4-не ауысты. Енді 10-ны дейді. Бүгін ақшамыздың түспегеніне байланысты тағы келіп тұрмыз. Енді олар тағы күн ауысады, 28-і дейді.
Жұрт ақшаның соңынан қууға мәжбүр. Әзірге қаражаттың қолға тиер түрі жоқ. Әкімдіктің күнде «ертең» деген желеуі көптің зығырданын қайнатқан. Бұқара жағдайды қала басшысына да жеткіздік дейді. Алайда оны елей қойған ешкім болмапты. Ашулы топ тағы да қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде шу шығарды. Тек содан кейін ғана жауаптылар жағдайды түсіндіре бастады. Атқамінерлердің айтуынша, шаһарда атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны көбеюінен теңге үлестіруде сәл кідіріс болған. Бұл олқылық алдағы уақытта «шешіледі» деп сендіреді.
Наурызбай Дәуешов, Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:
- 1 ші қараша, 1 қыркүйекке 3 мың АӘК алатын отбасы болса, 1 қарашадан 4041 отбасы АӘК алады. Соған байланысты кішкене кешігу болып жатыр. Бір аптада барлық қаражат төленетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!