{metadescription}
Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, 10-шы сынып оқушысын пышақтап өлтірді
Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, 10-шы сынып оқушысын пышақтап өлтірді

Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, 10-шы сынып оқушысын пышақтап өлтірді

Ақтөбеде қатарластары оныншы сынып оқушысын пышақтап өлтірген. Жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелестен тағы екеуі жарақат алды. Қазір пышақ сұққан күдікті бала қамауға алынып, қасындағы оқушылар тергеліп жатыр. Ал марқұм болған 15 жастағы Мадияр Исмағұловты туыстары бүгін жер қойнына тапсырды.

Мадиярынан мәңгілікке айрылғанына ата-анасының сенгісі жоқ. Оныншы сыныпта оқитын ұлдары кешқұрым дүкенге шыққаннан қайта оралмаған. Тек біреулердің пышақтап кеткенін дәрігерлерден біледі.

Мансия Исмағұлова, марқұмның әпкесі:

- Бір мезгіл үйдің қасында жүрген бала. Қалай шығып кеткенін білмейміз. Осындай жағдайға, пышаққа ілініп, қайғылы жағдайға тап болып жатырмыз. Біздің сұрайтынымыз, сол балалар жазасын алу керек. Сот әділетті болу керек.

Қанды оқиға қала іргесіндегі Заречный ауылында болған. Жоғарғы сыныпта оқитын оқушылар жаппай төбелесіп бір-біріне пышақ сілтейді. Мадияр Исмағұловтың ауруханаға барар жолда демі үзілген. Тағы екі оқушы жарақат алды. Жасөспірімдердің  мұндай сұмдыққа барғаны ата-аналарды шошытып отыр.

Бақытылы Елекешова, марқұмның нағашы апасы:

- Үлкен адамдар емес, шалкемпірлер емес қырылып жатқан. Жап-жас бүлдіршіндер қырылысып жатыр. Заман не болды? Үкіметіміз қайда қарайды? Полиция, прокуратурамыз бар дейміз. Олар жұмыс істемей ме? Жас балалар пышақпен, мылтықпен жүреді. Не деген заман?!

Қайтыс болған бала оқыған мектептің кіре берісіне қаралы бұрыш ұйымдастырыпты. Мұғалімдер оқушыларға ақыл айтудың кемі жоқ дейді.

Жанар Еркебаева, №61 мектеп директорының орынбасары:

- Полиция бөлімінен кешкі 9да хабар келіп түсті. Балалар жиналғандығы жөнінде. Біз  дереу естідік. Осы жағдайдан кейін 9,10,11 сыныптың балаларына жиналыс аштық. Түсіндірме жұмыстарын қайталап жүргіздік.

Қатарласын пышақтап өлтірген оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынған. Сондай-ақ жаппай төлеске қатысқан барлық бала тергеліп жатыр.

Ақтөбе облысында оқушылар арасындағы мұндай қылмыстар көбейіп барады. Жақында ғана бір жасөспірім оныншы класс оқушысын пышақтап өлтіріп сотталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде