{metadescription}
Алматының халықаралық әуежайы кімге сатылады?
Алматының халықаралық әуежайы кімге сатылады?

Алматының халықаралық әуежайы кімге сатылады?

Алматының халықаралық әуежайы сатылатын болды. Қазір түрік-француз біріккен компаниясымен келіссөздер басталды. Ендігі мәселе – қызмет құны өсе ме? Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов  иесі өзгерсе де, бағасы өзгермейтініне сендіріп бақты.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Білуімше, келіссөздер жүріп жатқан түрік компаниясының басқаруында Францияда екі әуежай бар. Әуежайға жаңа инвестордың келуі ешқандай баға саясатына әсер етпейді. Басты міндет – жолаушылар тасымалы терминалын жаңарту. Жыл сайын жолаушылар саны артып жатыр. Оның үстіне жақында министрлік «ашық аспан» режімін енгізді. Бұл ұшу бағыттарын көбейтеді.

Келіссөздер жүргізіліп жатқан «TAV Airports Holding» компаниясы Стамбұлдағы Ататүрік, Анкарадағы Есенбұға және өзге де мемлекеттердегі әуежайларға иелік етеді. Салаға жауапты министрлік екі тарап арасындағы уағдаластық кез келген уақытта тоқтауы да мүмкін екенін айтады. Өйткені келісім Алматы әуежайының 100 пайыз акциясын алып отырған голландиялық компанияның көңілінен шығуы тиіс.

Алматы халықаралық әуежайы – Орталық Азиядағы ірі әуе қақпаларының бірі. Ішкі және халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалдары жағынан елде бірінші орын алады. Ол жерден әлемнің 60-қа тарта еліне тұрақты рейстер бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде