Інжу! КТК арнасы жазадан жалтарған байлармен күрес туралы драма түсірді
Күздің ең үздік премьерасына аз уақыт қалды. КТК-да тапжылмай отырып тамсанып көретін «Інжу» телехикаясы көрерменге жол тартады. Шытырман оқиғалы драма бай баласынан зорлық көрген Інжу есімді қыз жайында. Тағдырдың тәлкегіне түскен бойжеткен қиындыққа қарсы тұрады. Жазадан жалтарған байлармен күресіп, әлемнен әділдік іздейді. Драма жанрындағы туындыны КТК телеарнасы түсірді.
Автор: Салтанат Шырынхан
13.11.2019
10 сериалы кионокартинаны арнамыздан сенбі және жексенбі күні көре аласыздар.
Фильмнің сюжеті шым-шытырық оқиғаға толы. Картина махаббат, сатқындық, қатыгездікті көрсете отырып, қоғамның шындығын жеткізуге тырысады. Басты кейіпкер Інжу есімді қыздың басынан өткен қилы тағдыры баяндалады. Бай баласынан зорлық көрген ол шындыққа жету жолында көп қиындыққа тап болған.
Зухра Сайпи, актриса:
- Көп қыздар басынан осындай жағдай өткізген болса, олар төзбейді. Бұл жағдайды қалай шешуді білмейді. Өзіне қол жұмсауы мүмкін. Ал образға келетін болсақ, сценарий бойынша Інжу осының барлығын жеңіп, күш тауып, қиынқыстау кезінде өзіне сеніп, барынша, жақсы жаққа бәрін аударады.
Інжу арада екі жыл өткенде махаббатын кездестіреді. Десе де мәнді махаббаттың артында тағы да тауқымет тұрды. Өйткені оған зорлық жасаған жігіт сүйіктісі Еріктің бауыры екен. Осылайша ол екі оттың ортасында қалады. Себебі, туыстардың бірін шексіз сүйсе, екіншісін өлердей жек көреді.
Ерік Хамидуллаев, актер:
- Арсен өзінің әкешешесін қатты сыйлайтын, білімді, ақылды жігіт. Лондоннан оқып келген. Өзінің інісі Диас... дертке айналған балалардың бірі. Әкешешесін сыйламаған бала, әке-шешесінің батасын алмаған бала, оның ешқашан жолы болмайды.
Інжудің Диасқа деген ымырасыз өшпенділігі ушығып, араздығы үдей түседі. Себебі, ол қатесін мойындамайтын, өзін ешқашан кінәлі санамайтын азамат. Сондай-ақ оның әр күні қыз-қырқынмен қыдырып, есірткіге есіріп, ішімдік ішумен ғана өтеді.
Мейіржан Нұров, актер:
- Бұл жігіттің мінезі бай бласына тән. Қазір қоғамда бай, кедей деген тап өкілдері бар. Соның ішінде байлар, өмірде бәрі бар – үй, ақша, жағдай. Сондықтан оларға өмір қызықсыз болып кетеді, бар дүниесі ысырапқа, ақылсыздыққа, нашақорлыққа, ішімдікке кетеді.
Телехикая авторлары атақ-даңқын, жоғары қызметін асыра пайдалатындардың құйтырқы әрекетін анық көрсетуге тырысқан. Себебі, ақшамен барлығын сатып аламыз деген қалтасы қалындар кісі өлтіруді, адам ұрлауды ар санамайды. Бай келіншек ұлын түрмеден құтқару үшін бәріне барады.
Інжу мен Арсен сезімін сақтап қала ала ма? Әлде қара ниеттілердің қатыгездігі жеңе ме?
Осы сұрақтардың жауабын сенбі-жексенбіде «Інжу» драмасынан аласыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!