{metadescription}
КТК арнасының ұжымынан кешірім сұрады!
КТК арнасының ұжымынан кешірім сұрады!

КТК арнасының ұжымынан кешірім сұрады!

Кешірім сұрады! Көкшетауда жұмыс барысында жүрген КТК телеарнасының түсіру тобына тап беріп, журналиске жұдырық ала жөнелген емхана заңгері Ерболат Темірбеков сотта кінәсін мойындады.  

Аталмыш оқиғаға қатысты КТК телеарнасы заңгерді сотқа берген еді. Журналистің қызметтік кәсібіне кедергі келтіріп күш көрсетті деп айыпталған Ерболат Темірбековке қатысты іс тоқтатылды. Дау тараптардың татуласуына және медиациялық келісім жасауына байланысты сот қаулы қабылдады. Заңгер кінәсін мойындап, телеарнаға келтірілген шығынды толық өтеді. Бірақ Ерболат Темірбеков қылмыстық жауапкершілікке тартылған азамат есебінде саналады. Ол телеарна ұжымынан кешірім сұрады.

- Осы оқиғаға қатысты КТК арнасының журналистерінен кешірім сұраймын.

- Кінәңізді мойындайсыз ба?

- Иә.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде