{metadescription}
Жамбыл облысы: 8 жастағы қызды зорлап, өртеп жіберген азғынға қандай үкім кесілді?  
Жамбыл облысы: 8 жастағы қызды зорлап, өртеп жіберген азғынға қандай үкім кесілді?  

Жамбыл облысы: 8 жастағы қызды зорлап, өртеп жіберген азғынға қандай үкім кесілді?  

Жамбыл облысында 8 жастағы қызды зорлап, қылмысын жасыру үшін мәйітін өртеп жіберген азғынға қатысты сот үкім кесті. Қаршадай қызға айуандық жасаған қаскөй өмір бойына түрмеге жіберілді.

Сот процесі жабық жағдайда өтті. 37 жастағы сотталушыға адам өлтіру, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау баптарымен айып тағылып, дәлелденген. Тергеу барысында азғынның тағы бір іске қатысы бары айтылды. Алты жыл бұрын ол 12 жастағы қызды дүкенге қамап, зорлауға оқталыпты. Алайда ол райынан қайтып, жасөспірімді босатып жіберген. Сол себепті іс қысқартылды.

Жантүршігерлік оқиға сәуірде Қаратау қаласында болды. 37 жастағы шаштараз болып істейтін тұрғын үшінші сынып оқушысын өнер мектебінен ұрлап әкетіп, үйіне апарып зорлаған. Арам ойын жүзеге асырған соң, қызды ұрып өлтіріп, денесін резіңке баллонға салып өртеп жіберген. Ал қаскөйдің велосипедпен мәйіт тасыған жүрісі дүкен камерасына түсіп қалып ұсталған еді. Енді ол қылмысы өтеп өмір бойы темір торда отырмақ. Оған химиялық кастрация жасалады.

Небәрі бес сыныптық білімі бар қаныпезердің ой-өрісінің дамуы тежелген. Бірақ оның ақыл-есі кем деп айтуға негіз жоқ.

Айдарбек Замбаев, судья:

- Сексуалды сипаттағы іс әрекетін ол мойындамады. Қаншама дәлелдеме ұсынса да, мойындамады. Қызды өлтіргенін мойындады. Өлтірген кезде қылқындырып өлтірдім деп көрсеткен. Сарапшылар ұрып өлтірген деп бірауыздан айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.