{metadescription}
Алматыда жанармай бекетінің күлі көкке ұша жаздады
Алматыда жанармай бекетінің күлі көкке ұша жаздады

Алматыда жанармай бекетінің күлі көкке ұша жаздады

Алматыда жанармай бекеті өртеніп жойқын жарылыс бола жаздады. Төтеншеліктердің айтуынша, өрт сөндірушілер сәл кешіккенде, жанармай бекетінің күлі көкке ұшады екен. Ал қала тұрғындарын дүрліктірген қызыл жалын таңғы қарбалас әлі басылмаған кезде – сағат 10 шамасында тұтаныпты.

Роза Талғарбаева, жанармай бекетінің қызметкері:

- Бізде мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Өрттің неден тұтанғанын білмейміз. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ қызметкерлеріміз қатты шошынып қалған.  

Жалын шарпыған сәтте оқиға орнында үш қызметкер болған. Жанын шүберекке түйген олар сыртқы киімін киместен далаға қашып шыққан. Қас-қағым сәтте жанармай бекетінің кассалық залы мен дүкен түгі қалмай жанып кетіпті. Тілсіз жау жапсарлас орналасқан техникалық жөндеу орталығына да жеткен. «Өрт сөндірушілер санаулы минутта жетіп үлгермегенде, жарылыс болып, тілсіз жау қайғыға әкеп соқтырар еді», - дейді төтеншеліктер. Себебі, алғашында дес бермеген қызыл жалын 300 тонна сұйықтық сақталатын цистерналарға сәл жетпей сөндірілген.  

Гүлдана Нұрымбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:

- Сәл кешіккенде, қасындағы 10 резервуар мен газ құю бағаншасы жарылар еді. Оған жол берілмеді. Қазір оқиға орнында ТЖД Алатау аудандық бөлімінің инспекторлары жұмыс істеуде. Барлық материалды анықтап, бір тәуліктің ішінде Ішкі істер бөліміне тапсырады. Одан кейін өрттің себебі анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде