Одақ құрамындағы елдер бірыңғай валютаға мәжбүр емес
Одаққа ортақ валюта болмайды. Мәжілісмендер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығын үйлестіруге қатысты заң жобасын мақұлдады.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
13.11.2019
Құжатта ортақ валюта туралы ешқандай келісім жоқ. Одаққа мүше елдер тек ортақ нарық құрады. Ол жеті бағыт бойынша жұмыс істейді. Жүйе 2025 жылдан бастап күшіне енеді. Одақ құрамындағы елдер бірыңғай валютаға мәжбүр емес деген Ұлттық банк төрағасын депутат Серік Құсайынов та қолдай кетті.
Серік Құсайынов, Мәжіліс депутаты:
- Ортақ валюта болмайды. Өйткені әр мемлекеттің өз валютасы бар. Валюта – тәуелсіздіктің негізі. Сондықтан ондай мәселе қаралған жоқ. Талқыланған да жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!