{metadescription}
Қызға қырқыс! Оқушылардың жаппай төбелесінің себебі анықталды
Қызға қырқыс! Оқушылардың жаппай төбелесінің себебі анықталды

Қызға қырқыс! Оқушылардың жаппай төбелесінің себебі анықталды

Қызға қырқысқан. Ақтөбелік оқушылардың жаппай төбелесіне не себеп болғаны анықталды. 15 жастағы қыз өзіне сыныптасының тиіскенін жігітіне айтып берген.  

Атығай Арыстанов, Ақтөбе облыстық ПД бастығы:

- Ренжіген қыз өзінің танысына, араласып жүрген жігітіне айтады. «Мектепте мені бірге оқитын, тоғызыншы сыныпта оқитын бала ренжітті, жаман сөздер айтты» деп. Содан қыздың жағы, мектепте оқитын балаларға кездесейік, сөйлесеміз деп төбелес шығарған.

Алғашқыда екі оқушы жекпе-жекке шығады. Артынша сол жерде болған 24 бала жаппай төбелесе кеткен. 15 жастағы Мадияр Исмағұловқа сол жерде пышақ салып, тағы екі оқушы жараланады. Жасөспірім қансырап жатса да, ешбірі жедел жәрдем шақырмаған. Тек сол жерде болған 11-ші сынып оқушысы әкесінің көлігін ұрлап, Мадиярды теміржол ауруханасына жеткізеді. Дәрігерлерге айтпай, тек аулаға тастап кеткен. Көп қан жоғалтқан жасөспірім қатарластары тастаған жерде көз жұмды. «Егер дер уақытында медициналық көмек көрсетілгенде, оқушыны аман алып қалуға болар еді», - дейді мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде