{metadescription}
Атырау: Қасапшылар малдың басын балтамен ұрып, қинап өлтіруді дағдыға айналдырған
Атырау: Қасапшылар малдың басын балтамен ұрып, қинап өлтіруді дағдыға айналдырған

Атырау: Қасапшылар малдың басын балтамен ұрып, қинап өлтіруді дағдыға айналдырған

Атырау қаласының іргесінде орналасқан қасапханада малды арам өлтіріп келген. Қасапшылар сиыр мен жылқыны сояр алдында басынан балтамен ұрып, қинап өлтіруді дағдыға айналдырған.  

Балтамен шүйдеден ұрып, есінен тандырып, терісін тірідей сыпырушылардың сұмдық әрекетін куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Аталмыш оқиға бойынша облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 316-бабыбен іс қозғап, жануарларға қатыгездік жасаған қасапшы қамауға алынды. Мал сою цехының иесі де жауапқа тартылады. Облыстық әкімдік жанынан құрылған комиссия қаладағы тағы төрт қасапхананы да тексермекші. Ал видео түсірілген орын бүгіннен бастап жұмысын уақытша тоқтатты. Өйткені онда арнайы аттестациядан өткен, мал союдың барлық технологиясын жетік білетін маман жоқ болып шықты.

Азамат Айтқали, Атырау облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

- Тиісті ережеде малды есінен тандыру деген бөлім бар, шоковый электр тоғын қолданып. Бірақ бұл жерде сәйкесінше, малға қатігездік көрсетілген. Видеода фактілер бар. Мал союда технологиялық процестердің бұзылуымен ветеринар мамандар тиісті мамандардан түсініктемелер алуда. Шара қолданылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде