{metadescription}
Еліміздегі науқастарға арналған тегін дәрі-дәрмек Ресейде сатылып кеткен
Еліміздегі науқастарға арналған тегін дәрі-дәрмек Ресейде сатылып кеткен

Еліміздегі науқастарға арналған тегін дәрі-дәрмек Ресейде сатылып кеткен

Қатерлі ісікке шалдыққандарға тегін таратылған дәрі-дәрмек Ресей дәріханаларында сатылған. Еліміздегі науқастарға ақысыз үлестірілгенімен, негізі бұл препараттардың әр қорабының өзі миллион теңгеден асады. Бюджеттің миллиардтарына алынған дәрі-дәрмектің көрші елге қалай жеткені әзірге белгісіз.

Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің комитет төрайымы:

- Бізге «Ресейде қазақстандық мөрмен дәрідәрмектер сатылып жатыр» деп науқастар хабарлап айтты. «СК-Фармация» сатып алатын бұл препараттарға мөр тек тегін таратылатын жағдайда ғана басылады. Біз тексеріс жүргізуді бастадық. Егер дәрі-дәрмектердің заңсыз тасымалданғанын анықтасақ, істі сол мезетте Бас прокуратураға жолдаймыз.

Дәрі-дәрмектер терінің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарға арналған. Денсаулық сақтау министрлігі адам өміріне маңызды дәріні ресейліктерге кімнің заңсыз тасымалдағанын анықтап жатыр. Ведомство кінәлілерді табу оңайға соқпайтынын жасырмады. Өйткені медикаменттер тек 11 стационарға жеткізілген.

Мұндай жағдай елімізде алғаш емес. Жылдың басында қазақстандықтарға арналған инсулин Өзбекстан дәріханаларында сатылған. Ол кезде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов заңсыз жеткізгендердің табылып, 28 қылмыстық іс қозғалғанын айтқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.