{metadescription}
ЖасSTAR: Тұңғыш президент қоры күміс көмей, жез таңдай 500 студенттің басын қосты 
ЖасSTAR: Тұңғыш президент қоры күміс көмей, жез таңдай 500 студенттің басын қосты 

ЖасSTAR: Тұңғыш президент қоры күміс көмей, жез таңдай 500 студенттің басын қосты 

Еліміздегі ең талантты жастар Алматыда бас қосты. Шығармашылық оқу орындарында оқитын 500-ге тарта өнерпаз «ЖасSTAR» фестиваліне қатысуға жиналған. Олар Республика сарайында концерт қойып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бұл 10 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.

«ЖасSTAR» – өнерпаз студенттердің шеберлігін шыңдайтын халықаралық фестиваль. Аталмыш шара аясында жыл сайын сурет көрмесі, сән, концерт және түрлі шеберлік сағаты ұйымдастырылады. Биыл Тұңғыш президент қоры ұйытқы болған байқау күміс көмей, жез таңдай жастарды жинапты. Олар республика сарайына келген жұртты ырғақты әнмен баурап алды.

Біржан Хасанғалиев, Чайковский атындағы музыкалық колледждің директоры: 

- Биыл Жастар халықаралық фестивалінің 10 жылдығы. 10 жыл бұрын керемет жобаны бастағанбыз. Жылда керемет өтетін. Биыл басқа бір форматта өткізейік деп талпыныс жасап отырмыз. Мюзикл ретінде.

Фестивальда «Ханшайым мен құбыжық», «Ромео мен Джульетта», «Чикаго» секілді әлемдегі үздік мюзиклдерден үзінділер орындалды. Әсіресе «Арыстан патша» мюзиклін көрермендер жоғары бағалап, зор қошемет көрсетті.

Керемет кештің өтуіне шығармашыл жастар атсалысқан. Биылғы фестивальға еліміздің әр түпкірінен 500-ге тарта студент келіпті.

Жанерке Қабатаева, фестивальге қатысушы:

- Жастар фестивалі – еліміздегі өнердің әр саласындағы дарынды жастарға қолдау көрсететін фестиваль. Жылда өтетін фестиваль. Оныншы рет биыл мерейтой болып жатыр. Осыған орай мюзикл жанрын сүйіп тыңдайтын адамдарға арналған бұл керемет сыйлық деп білеміз.

Жас өнерпаздардың бағын ашқан фестивальдің биыл да берері көп болды. Тұңғыш президент қорының дәстүрге айналған шығармашылық байқауы келер жылы да жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде