{metadescription}
Kaspi жұма! Kaspi.kz үш керемет жаңалық ұсынады 
Kaspi жұма! Kaspi.kz үш керемет жаңалық ұсынады 

Kaspi жұма! Kaspi.kz үш керемет жаңалық ұсынады 

Тиімді сатып алудың бүкілхалықтық мерекесі - Kaspi жұманың басталуына санаулы сағат қалды. Көптеген қазақстандықтар бұл мерекені асыға күтеді. Kaspi.kz бұл жолы немен таңқалдырады?   

Әр Kaspi жұмада қазақстандықтар тиімді шартпен жүз мыңдаған зат сатып алады. Және әр жолы Kaspi.kz сүйікті клиенттеріне жағымды тосынсый ұсынады. Бұл жолы қандай жаңалық бар? Оны Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзеден сұрадық.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы:

- Біз кезекті тиімді сатып алудың бүкілхалықтық мерекесі Kaspi жұма туралы қуана хабарлаймыз. Сүйікті клиенттерімізге үш жақсы жаңалығымыз бар.

Біріншіден, Kaspi жұма 15, 16, 17 қарашада үш күн бойы өтеді.

Екіншіден, Kaspi жұмаға тұңғыш рет бүкіл ел аумағындағы екі мыңнан астам дүкен қатысады.

Үшіншіден, біз Kaspi.kz қосымшасында Kaspi жұмаға арналған арнайы бөлім аштық. Ол жерден әр қаладағы мерекеге қатысатын дүкендердің мекен-жайын білуге болады. Әрбір қазақстандыққа Kaspi жұмада тиімді зат сатып алуды тілейміз. 

Бұл бесінші – Kaspi жұма. Бұл жолы затты тек Kaspi.kz қосымшасында ғана емес, бүкіл ел аумағындағы танымал дүкендерден сатып алуға болады. Олар:  Intertop, Flo, Mango, Mon Amie, Nike, Pandora, Respect және басқа да белгілі дүкендер мен брендтер. Серіктестер қазір Kaspi жұмаға дайын.

Айсара Кенжеғұлова, «12 месяцев» дүкені директорының орынбасары:

- Бұған дейін Kaspi жұмаға бірнеше рет қатыстық. Біздің көптеген сатып алушылар дәл осы мерекені күтетінін сеніммен айта аламын. Құрылыс материалдарын тиімді шартпен сатып алғысы келеді. Біз бұл мерекеге алдын ала дайындаламыз. Қосымша тауар әкелеміз, тауар түрлері мен қызметкерлерді көбейтеміз. Сатып алушыларымыздың әдемілік пен жайлылық туралы арманын бізбен бірге жүзеге асыруын қалаймыз. 

Илья Першанов, Nike Mega Alma-ata дүкенінің басқарушысы:

- Бұл біздің бірінші Kaspi жұмамыз. Nike дүкендеріне келіп, QR кодпен сатып алыңыз. Біз қысқы топтаманы алдық. Мамық күртеше, жүгіруге арналған аяқ киім, жеңіл күртешелер. Спортпен айналысатындарға әлемдік брендтен ең заманауи жабдықтарды алуға жақсы мүмкіндік. Мұндай мерекені ұйымдастырған kaspi.kz жарайды.

Алия Аяз, Pandora дүкенінің директоры:

- Біз Kaspi жұмаға бірінші рет қатысып тұрмыз! Сатып алушылар біздің бұйымдарды «Бір жылға немесе одан да көпке бөліп төлеуге алуға бола ма?» деп жиі сұрайды. Енді, міне, пайызсыз 24 айға бөліп төлеуге болады. Біз жастарға арналған жаңа топтама алып келдік. Сіздерді тосынсый күтіп тұр. Бүкіл Қазақстан аумағындағы дүкендерімізде күтеміз. 

Егер дүкеннен сатып алатын болсаңыз Kaspi.kz қосымшасын ашасыз. Kaspi QR-ды таңдайсыз. Сатып алатын соманы енгізесіз, төлем расталады. QR кодыңызды кассада көрсетесіз. Сатушы QR-ды оқып, зат сатып алуыңызбен құттықтайды!

Kaspi.kz-тің Kaspi жұмасы Қазақстандағы танымал сатып алу мерекесіне айналды. Киім, аяқ киім, жиһаз, әшекей заттары, смартфон, электроника, қысқы спорт тауарлары және басқа да көптеген заттарды бүгін түннен бастап 24 айға бөліп төлеуге сатып алуға болады. Мереке үш күні бойы – 15, 16, 17 қарашада жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде